Ұлыбритания Украинаға британдық зымырандармен Ресей аумағын атқылауға рұқсат берді – The Guardian

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock.com

Ұлыбритания Украинаға Ресей аумағын Storm Shadow зымырандарымен атқылауға рұқсат беруі ықтимал. Бұл туралы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, The Guardian басылымы жазады.

Украина біраздан бері серіктестерінен өзіне берілген зымырандармен Ресей аумағындағы әскери нысандарға соққы жасау құқығын беруді сұрап келеді. Украинаның қолында мұндай зымыранның қаншасы бары белгісіз. Алайда оның соққы радиусы зымыран түріне байланысты шамамен 300-500 шақырымға жетеді.

Киевке сапары кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен Украинаға Ресей территориясына соққы беруге рұқсат беру мүмкіндігін талқылаған. Ол Украинаға Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің басшысы Дэвид Лэммимен бірге келді.

Соғыс басталғалы бері екі елдің дипломатиялық ведомство басшылары Киевке алғаш рет бірге сапарлап отыр. Олар Польшаға дейін ұшақпен, содан кейін Украина астанасына пойызбен жеткен.

Басылымының жазуынша, Storm Shadow зымырандарына қатысты оң шешім шығарылмаса, Лэмми мен Блинкен Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеспейтін еді.

Жиында Иранның Ресейге қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандар жеткізгенін растаған еді. Мәскеу ол зымырандарды бірнеше аптада Украинаға қарсы қолдануы мүмкін екенін айтқан. Бұл үшін Тегеранға қарсы санкция салынатынын жеткізген.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Украинаның Ресейге соққы беру үшін америкалық алыс қашықтықтағы қаруды қолдануы туралы «мәселені қарап жатқанын» мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз