«Кселл» акционерлері құрамына KC HOLDING LTD компаниясы қосылды. Бірақ оның түпкі иесі өзгерген жоқ

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Kcell
«Кселл» АҚ бақылау пакетін ұстаушы «Қазақтелеком» АҚ (51%) болып қала береді / Архив: kursiv.media

«Кселл» акционерлерінің қатарына 14,87% үлесімен KC HOLDING LTD компаниясы қосылды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында жарияланған құжатта жазылған.

Алайда акциялардың түпкілікті иесі өзгерген жоқ. Ғалымжан Есенов бұрын оған тікелей иелік етсе, енді оны 2024 жылдың сәуірінде АХҚО-да тіркелген өзінің компаниясына берді.

«Кселл» АҚ-ның акцияларының он және одан да көп пайызына иелік ететін акционерлерінің құрамына өзгеріс енгізілгенін хабарлайды. Есенов Ғалымжан Шахмарданұлының «Кселл» АҚ акцияларын сату бойынша мәміле нәтижесінде негізгі акционерлердің тізіміне «KC HOLDING LTD» жеке компаниясы қосылды», – деп жазылған құжатта.

Акционер ұсынған ақпаратқа сәйкес, мәміле Есеновтың компаниялар тобында үлестік меншік құрылымын оңтайландыру мақсатында жасалды. Ал акциялардың түпкілікті иесі өзгеріссіз қалды. Бұл ретте акциялар саны да өзгерген жоқ (29 745 215 акция).

Бақылау пакетін ұстаушы «Қазақтелеком» АҚ (51%) болып қалады.

«Кселл» АҚ – Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы ірі ұялы байланыс операторларының бірі.

Сондай-ақ оқыңыз