Елімізде «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауы өтеді
Елімізде «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауы өткізіледі, бұл туралы Оқу ағарту министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, бұл байқау педагогтардың шеберлігін жетілдіру мен олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.
Байқауға барлық орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері қатыса алады. Аталмыш байқау үш кезеңде өтеді:
17-18 қыркүйек аралығында аудандық, 25 қыркүйек облыстық,
және қараша айында Астана қаласында Республикалық III кезеңі өтеді өтеді.
Айта кетейік, байқаудың әр кезеңінде қатысушыларға бейнеролик форматында тапсырмалар беріледі. Шығармашылық сынып сағатын көрсету, ата-аналармен өзара іс-қимыл жүйесін ұсыну, педагогикалық қызметте әртүрлі жағдайларға талдау жасау сияқты талаптарға қарай бағалайды.
Жеңімпаздарды білім беру саласындағы арнайы сарапшылар педагогтердің кәсіби және қоғамдық қызметі негізінде бағалайтын болады. Сонымен қатар, жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен марапатталады, ал бас жүлдегерге ведомстволық награда тапсырылады, делінген министрліктің хабарламасында.
Байқаудың толық ережесін «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми- практикалық институтының сайтынан көре аласыз.