Авто

Zeekr жаңа отбасылық электрокроссоверін таныстырды

Фото: Zeekr Kazakhstan

Zeekr Чэнду автосалонында 7X индексті алғашқы отбасылық жаңа моделін таныстырды. 

Zeekr 7X өзінің басты бәсекелесі Tesla Model Y көлігінен бұл жолы ерекшеленді. Техникалық сипаттамасы мен бастапқы бағасы да белгілі болды. Автомобильдің құны 239 900 юаньнан (шамамен 16 млн теңге) басталады.

Интерьері Қытай нарығына тән стандартқа сай жасалған, бірақ өзіндік ерекшеліктері де бар. Дизайнерлер 13 дюймдік аспаптар панелін күнқағардың астына жасырған, ал трансмиссия селекторын рөл жаққа орнатқан. Салонда физикалық батырмалар өте аз, батырмалар тек рөлде және 15.05 дюймдік ортаңғы дисплейдің астындағы шағын панельде бар, онымен негізгі функцияларды басқаруға болады. Медиажүйе Snapdragon 8295 чипімен жабдықталған.

Фото: Zeekr Kazakhstan

13 дюймдік тағы бір экран алдыңғы жолаушы орындығының артына жайғасты. Оң жақ артқы орындық креслосы жылжымалы. Мамандар шынтақ тіреуіштің артына (Tesla-ға ұқсатып) сенсорлы панель орнатты, екінші қатар жолаушыларын климатты, музыканы және т. б.реттей алады. Барлық орындықта жылыту және желдету бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жаңартылған EXEED TXL кроссовері сатылымға шыққаны туралы жазған едік.