Фото: архив Курсив.медиа
Банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған Мұхтархан Тоқмәди мерзімінен бұрын босатылмайтын болды. Алматы облыстық соты сотталушының түзелгеніне күдік келтіріп, Қонаев соты шешімінің күшін жойды.
Айта кететін жайт, Алматы облыстық сотында Мұқтархан Тоқмәдиді мерзімімен бұрын бостандыққа шығару туралы шешімге қарсы жәбірленуші тараптың аппелляциялық шағымы қаралды. Алғашқы отырыс 23 тамызда өтті. Онда жәбірленуші тарап бұл шешімге үзілді-кесілді қарсы екенін білдірді. Банкир Ержан Тәтішевтің інісі Еркін Тәтішевтің адвокаттары мерзімімен бұрын босату шарттарына Тоқмадидің іс-әркеттері сәйкес келмейтініне баса назар аударды. Олар жаза тым жеңіл болды деп есептейді. Алматы облыстық соты келесі отырысты 6 қыркүйекке белгіледі.
Мұның алдында Алматыда осы іске қатысты баспасөз мәслихаты өтіп, Еркін Тәтішевтің және ФТБ-ның бұрынғы директоры Луи Фридің 20 жыл бұрын жасалған ауыр қылмыстың егжей-тегжейі жайында пікір білдіргені туралы жазғанбыз.
2004 жылы 19 желтоқсанда сол кездегі «ТұранӘлем» банкінің 38 жастағы төрағасы Ержан Тәтішев аңшылықта жүрген жерінде қайтыс болды. Сол кезде бұл кездейсоқ болған оқиға деп танылған еді.
2018 жылы Ержан Тәтішевтің өліміне байланысты іс бойынша «Қазқұрылысшы» құрылтайшысы, кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди тұтқындалды. Ол тапсырыс беруші ретінде Мұхтар Әбілязовтың атын атаған еді. Тоқмәди қасақана кісі өлтіргені үшін 15 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды.
Тоқмади бұл куәлігінен бас тартты. Оған қысым көрсетілгендіктен, солай деуге мәжбүр болғанын айтады. Ол бұдан бұрын абайсызда кісі өлтірді деп бір жылға бас бостандығынан айырылған еді. Артынша рақымшылыққа іліккен.