OpenAI «ойлануға» қабілетті жаңа ЖИ моделін іске қосты

Жарияланды
 Фото: Unsplash/Andrew Neel

OpenAI ғылым докторы деңгейінде күрделі логикалық есептерді шешуге қабілетті ChatGPT-тің жаңа o1 және o1-mini модельдерін іске қосты деп жазды Reuters. Компания қаржыландырудың кезекті кезеңі қарсаңында жаңартылған нейрондық желіні ұсынды, ол 150 млрд долларға бағалануы мүмкін.

Толығырақ

12 қыркүйекте OpenAI ChatGPT-тың күрделі тапсырмаларды шешуге арналған o1 және o1-mini жасанды интеллект модельдерінің іске қосылғанын хабарлады. Олардың бұрынғылардан басты айырмашылығы – бұлар «ойлар тізбегі» әдісін қолдана отырып, адамның нұсқауынсыз күрделі тапсырмаларды «ойлауға» және оларды кішігірім кезеңдерге бөліп қарастыруға қабілетті, деп хабарлады Reuters.

«OpenAI-де жалпы пайымдауға қабілетті ЖИ үлгілерін жасау бағытындағы күш-жігеріміздің нәтижесін Сіздермен бөліскеніме қуаныштымын», – деп жазды OpenAI зерттеушісі Ноам Браун Х әлеуметтік желісіне.

OpenAI өзінің блогында жазғандай, o1 моделі халықаралық математика олимпиадасының іріктеу емтиханында 83% жинаған. Бұған дейінгі GPT-4o моделінің көрсеткіші 13%-ға тең болған еді.

Сонымен қатар әзірлеушілер модель спорттық бағдарламалау мәселелерін шешу нәтижелерін жақсартқанын мәлімдеді. Сондай-ақ анықтамалық ғылыми мәселелерді шешуде өзін «ғылым докторы деңгейінде» көрсеткен.

Контекст

ChatGPT чат-ботының жаңартылуы OpenAI-дің компанияны қаржыландырудың кезекті кезеңіне дайындауымен сәйкес келді. Bloomberg мәліметтері бойынша, OpenAI тұтас компанияны 150 млрд долларға бағалаған кезде инвесторлардан 6,5 млрд доллар тарту туралы келіссөздер жүргізуді бастаған.

OpenAI-дың қаржыландыру кезеңін Thrive Capital венчурлық компаниясы бастамақ. Оған ChatGPT әзірлеушісінің ең ірі инвесторы Microsoft та қатысады. Қаржыландыру кезеңіне қатысу туралы келіссөздерді Apple және Nvidia да жүргізеді, дейді агенттік дереккөздері. Компаниялар бұл туралы түсініктеме берген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз