Ресейдің Орталық банкі (ОБ) базалық мөлшерлемесін 18%-дан 19 пайызға көтерді. Орталық банктің мәліметінше, инфляция қысым жоғары болып тұр. Оның шешімі сарапшылардың болжамымен сай келген.
«2024 жылдың соңына қарай жылдық инфляция шілдедегі болжамды диапазоннан 6,5-7,0% асуы мүмкін. Ішкі сұраныстың өсуі әлі де тауар мен қызметтерді ұсыну мүмкіндігінен айтарлықтай асып түседі. Ифляциялық болжамды төмендету және инфляцияның 2025 жылы мақсатты деңгейге оралуын қамтамасыз ету үшін ақша-несие саясатын қосымша қатаңдату қажет», – делінген банк мәлімдемесінде.
РФ Орталық банкі алдағы уақытта да негізгі мөлшерлемені көтеруі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ресей Банкінің болжамы бойынша, қазіргі ақша-несие саясатын ескере отырып, жылдық инфляция 2025 жылы 4,0–4,5%-ға дейін төмендеуі мүмкін.
Тамыз айында Ресейде баға өсімі 7,6%-ды құрады.Инфляция көрсеткіші жылдық мәнде 9% деңгейінде қалыптасқан. Базалық мөлшерлеменің көтерілуі несие қымбаттап, депозит сыйақысының өсуіне ықпал етеді.
Ресейдің Орталық банкі ақша-несие саясатын қатаңдатуды 2023 жылдың шілдесінен бастаған. Соның нәтижесінде былтыр бес айда мөлшерлеме жылдық 7,5-тен 16%-ға дейін өсті. 2023 жылдың желтоқсан айының ортасынан өзгермеген мөлшерлеме биыл жазда бірнеше рет өзгерді.