Қазақстан қор биржасында 13 қыркүйек кешкі сауда нәтижесі жарияланды. Оның қорытындысы бойынша теңге долларға шаққанда құнсызданды.
Сонымен 13 қыркүйек күнгі сауданың қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 1,85 теңгеге көтеріліп, 479,51 теңгені құрады.
Апта басында, яғни 9 қыркүйек доллардың төл валютаға шаққандағы бағамы 478,9 теңге болған. 10-11 қыркүйек ұлттық валюта аздап (1-2 теңгеге) нығайып, кейін қайта құнсызданып, аптаны 479,51 теңгемен қорытындылады.
Қазақстан қор биржасындағы доллар-теңге бойынша сауда көлемі 228 млн долларға азайып, 84 млн долларға тұрақтады.
Еуро бағамы – 531,65 теңге, рубль – 5,27 теңге, юань – 67,35 теңгеге тең.
Еске сала кетсек, сарапшылар валюта бағамына қатысты болжамдарын жариялады. Соған сүйенсек, қазанның басында теңге сәл нығаюы ықтимал.