Миллионер Қайрат Мәжібаевқа тиесілі компания 2 млрд теңге таза пайда тапса да, дивиденд төлемеуді ұйғарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қайрат Мәжібаевтың компаниясы таза пайдасын қандай мақсатта жұмсамақ? коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

RG Brands Kazakhstan 2023 жылы 2,172 млрд теңге көлеміндегі таза пайда тапқан. Алайда компания қомақты қаржыны дивиденд төлеуге жұмсамайтын болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында жарияланған сусын шығаратын компания акционерінің шешімінде жазылған.

«2023 жылғы 2,172 млрд теңге көлеміндегі таза пайданы дивиденд төлеуге бөлу жүргізілмесін. Қаржы серіктестікті дамытуға жұмсалсын», – деп жазылған құжатта.

RG Brands Kazakhstan компаниясына RG Brands-ке тиесілі. Оған Дубайда тіркелген RG Brands Holding Limited компаниясы иелік етеді. Компания Қазақстаннан басқа Ресей мен Қырғызстанда жұмыс істейді. Оның түпкілікті бенефициары – 187 млн доллар байлығы бар бизнесмен Қайрат Мәжібаев.

RG Brands Kazakhstan алкогольсіз сусындар шығарады. Аталған компанияның ең танымал брендтерінің арасында газдалған Pepsi, 7up және Mirinda, Lipton және Piala шайы, «Солнечный» шырыны және «Асу» бар. 2022 жылғы компанияның таза пайдасы 14 млрд теңгені құрады.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың басында RG Brands Kazakhstan басшылығы ауысты. Компанияның жаңа бас директор болып Муталлип Зурдинов тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз