Freedom Holdings Corp. еншілес компаниясы Қазақстанда оптоталшықты желі салу үшін Гонконг нарығынан қаржы тартуға ниетті

Жарияланды
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Freedom Holdings компаниясының еншілесі Freedom Telecom 2027 жылдың аяғына дейін Қазақстандағы екі жобаға 107 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр. Оның бір бөлігіне юань тартпақ. Ал Қытайдың ең ірі брокерлерінің бірі және қаржы алпауыты CICC компаниясы қаржы нарығындағы жолсерік болмақ.

Біріншісі, «гипермагистраль» – құны 17 миллиард теңге. Ол елдің батысынан шығысына 3 100 шақырым жерге мәліметтер жеткізеді. Екіншісі, құны 90 миллиард теңге болатын Tier III деңгейіндегі мәліметтерді өңдеу орталығы.

Freedom Holdings – Қазақстанның ірі бөлшек брокерлік және инвестициялық банкі. Компанияның негізін қалаушы және бас директоры Тимур Турловтың хабарлауынша, Гонконг нарығынан қаржы құралдарын тартуға көмектесу үшін China International Capital Corp.-пен серіктестік орнатуға ниетті.

«Телекоммуникациялық стратегияларымыз үшін қаржы тарту мақсатында Гонконгке келіп отырмыз. АҚШ долларына қарағанда, юаньның пайыздық мөлшерлемесі төмен. Стратегиямызды іске асыру үшін қытай компаниялары құрылғыларының ақысын төлеуге юань қажет», – деген Тимур Турлов Гонконг қор биржасы және Құнды қағаздар және фьючерстер жөніндегі комиссия кездесулері арасында Post-ке берген сұхбатында.

Турлов құрылғыларды Huawei және ZTE Corp.-тен сатып алмақ.

Эмиссия алғашқы жарты жылдықта 465 млрд юаньнан асқан. АҚШ долларына шаққанда, 65 млрд шамасында. Гонгонг валюта басқармасының мәліметінше, бұл – былтырғы көрсеткішке қарағанда, 28%-ға артық.

Финтех-компаниялар облигацияларын сатылуы Гонконгте юань жинауға қызығушылықты арттыруы мүмкін. Өйткені бұл қала өзін жетекші қаржы орталығы ретінде көрсетіп келеді.

Freedom ұсынған дата-орталық 2027 жылы жұмысын бастауы тиіс. Ол Ақтау қаласында орналасады. Бұл қаладан Әзірбайжандағы Сұмғайыт қаласына дейін 380 шақырымға созылған Каспий табаны арқылы өтетін оптоталшық кабелінің желісі бастау алады.

«Қазақтелеком» мен «ӘзерТелеком» мемлекеттік компаниялары әзірлеген, құны 50,6 млн АҚШ доллары болатын кабель секундына 400 терабит жылдамдықпен мәлімет бере алады. Бұл – Қытай мен Орталық Азияны жалғастырып жатқан «Сандық жібек жолының» бір бөлігі.

Бейжің «Сандық жібек жолы» жобасын 2015 жылы қолға алған. «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қосылған елдерде экономикалық интеграцияны тереңдетіп, байланысты бекітіп, сауда-саттыққа жәрдем беруді көздейді.

«Біз осы транзит магистралы құрылысына қатысқымыз келеді. Біздің елімізде әзірге байланыс желілері жеткіліксіз», – деді Турлов.

Турловтың айтуынша, гипермагистраль – Орталық Азияны Таяу Шығыс және Еуропамен толық жалғаудың соңғы кезеңі. Құрылыс біткен соң, Қытай мен Еуропа Ресейді айналып өтіп, тікелей қатынас жасауға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ оқыңыз