Қазақстан контрабандамен күресу үшін теміржол көліктерін де қадағалауды бастайды
Үкімет автомобиль және теміржол көлігін қадағалау жөніндегі ұлттық операторды анықтады. 2024 жылдың 23 қарашасынан бастап «Ғарыштық техника және технологиялар институты» өз жұмысын бастады. Бұл туралы Үкімет қаулысында жазылған.
Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі «Курсив» жаңа құрылғы жөнінде ақпарат жолдады. Навигациялық пломбалар жүктерді қадағалау үшін пайдаланылады. Жаңа мониторинг жүйесі контрабандамен күресу үшін және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейде арасында тауар айналымын бақылау үшін әзірленді. Ведомство деректердің қайда жіберілетінін айтпады.
Ғарыштық техника және технологиялар институты ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің реттеуші органдарымен және операторларымен өзара бірлесіп жұмыс істейді. Бұрын оператор тек жүк көліктерін қадағаласа, 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап темір жол көлігін де бақылауға өкілеттік берілген.
2023 жылғы наурызда ратификацияланған ЕАЭО-да жүк тасымалын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды пайдалану туралы келісімді іске асыру үшін институт «Транзит» ақпараттық жүйесін әзірледі. Бұл жүйе темір арқанның үзілуі, пломбтың ажырап кетуі, сигналдың жоғалуы және бағыттан ауытқы сияқты қалыптан тыс жағдайларды тіркейтін навигациялық пломбалар арқылы көлік құралдарының қозғалысын және жүктің орналасқан жерін бақылайды.
Навигациялық пломбалар кедендік транзит, экспорт және өзара сауда шеңберінде тасымалданатын тауарларды қадағалау үшін пайдаланылатын болады. Жүйені енгізудегі мақсат – Кедендік одақ аумағындағы тауар айналымына бақылауды күшейту, контрабанда мен «жалған транзитке» жол бермеу, бюджетке салық түсімдерін арттыру.