Lifestyle

Qalam-да жарияланған материалдар топтамасы: көшпенділер ойынындағы садақ ату сайысының ережесі, алапес дертінің тарихы

Фото: shutterstock.com

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада: жаңа туған балаға қатысты қазақ жоралғылары, алапес дертінің тарихы, көшпенділер ойынындағы садақ ату сайысының ережесі және ежелгі грек сауытының сыры.

Бала туғанда жасалатын қазақтың жөн-жоралғылары

Фото: Тұрмыс. Богаевский Николай Владимирович/Wikimedia Commons

Орталық Азияға саяхаттап келген мажарлық шығыстанушы Арминий Вамбер: «Жүз жылда, бәлки мың жыл ішінде орын алған төңкерістердің (яғни өзгерістер) өзі қазақтардың тұрмысына айтарлықтай өзгеріс әкелмеген» деп жазған. Әлбетте, 20 ғасыр аталған тұжырымның тас-талқанын шығарды. Өткен ғасырда қазақ халқының өмірі түбегейлі өзгеріп, тұрмысы түлеп шыға келді. Бірақ соған қарамастан орныққан дәстүрлер, жоралғылар мен әдет-ғұрыптарға деген адалдық әлеуметтік дүрбелеңдердің бәрін өткеріп, қазақтардың дүниетанымындағы маңызды бөлшек ретінде қала берді. Солардың ішінде бала тууға байланысты жоралғыларда ғана ең ежелгі әрі архаикалық рәсімдер сақталып қалған.

Алапес дертінің тарихы

Фото:Франциск ғұламалары алапеспен ауырғандарға жәрдем беруде. «Франческина» кодексінің миниатюрасы. 1474 жыл. Перуджияның (Италия) капитулярлық кітапханасы/DeAgostini/Getty Images

Ешқандай дерт түрі дәл алапес сияқты сантүрлі мифтерден тұрмайтыны айдан анық. Бұл сөз біз үшін қисынсыз үрей, стигма мен аласталудың балама мәніне айналғалы қашан. «Алапес» сөзі әдетте ортағасырлық тарих суреттерін көз алдымызға әкеледі. Алапес дертіне шалдыққандар қоғамынан қуылып, қала қабырғасынан тысқары «таяқ тастам» жерде ғана өмір сүруге рұқсат етілген, келе жатқанын қоңырау үні арқылы хабарлауға міндеттелген және бет-жүзін ешкім көрмеуге тиіс бақытсыз мұңлықтар.

«Көшпенділер ойынындағы» садақ ату сайысы

Фото: Садақ ату сайысы. Бурсада (Түркия) өткен IV Дүниежүзілік көшпелілер ойыны. 2022 жылғы 1 қазаны/Photo by Emin Sansar/Anadolu Agency via Getty Images

Садақ — ат үстіндегі көшпелі жауынгерге ең қажетті қару. Садақпен олар аң мен құсты атып алған. Сондай-ақ ілкіде көшпелі жұрт садақпен үйір-үйір жылқысын екі аяқты ұры-қары мен төрт аяқты жыртқыштардан қорғаған. Садақ тартқан жауынгерлер жерлерді жаулап, туған өлкесін жаудан қорғаған. Дала төсінде қолына садақ ұстаған салт атты жауынгер ең шапшаң әрі ең қатерлі күш саналған. Көшпелілер ойынында көрермен садақ ату сайыстарын зор ықыласпен тамашалайды. Ойындарда орнында тұрып нысана атумен қатар «жамбы ату» (ат үстінде садақ тарту) сайысы да өтеді. Ал онда қолданылатын садақ тек ағаш пен сүйектен жасалуы тиіс.

Ахиллес қалай киінген

Фото: Дендрадан табылған иықбау. Б.з.б. 16 ғасыр /Photo By DEA / G. DAGLI ORTI/De Agostini via Getty Images

Өткен аптада Микен жауынгерлерінің қабан азуынан жасалған дулыға туралы жазған болатынбыз. Алайда олардың тұтас сауыты да құпияға толы құбылыс сияқты. Оны киген жауынгер роботқа ұқсайтын, ол тек соғыс кезінде емес, жай қозғалудың өзі қиын еді. Құрыштың салмағы 20 кг-ға жуық және біз ежелгі грек әскерімен байланыстыратын анатомиялық курастардан мүлдем өзгеше. Микендік сауыт шын мәнінде қандай болды және олар қалайша сәтті шайқасты, Qalam-нан оқыңыз.