BMW әлем бойынша 1,5 млн автокөлігін кері қайтарып алды

Жарияланды 14 Қыркүйек 2024 16:02

(жаңартылды 16 Қыркүйек 2024 09:48)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
BMW акциялары құлдырай бастады / Архив: kursiv.media

Тежегіш ақауларына байланысты BMW әлем бойынша 1,5 млн автокөлігін кері қайтарып алды.

Компанияның хабарлауынша, жеткізушінің біріктірілген тежеу ​​жүйесіндегі (IBS) ақаулар бұрын ойлағаннан да кең таралған. Жаңа баспасөз-релизде компания бұл көліктерге арналған жалпы кепілдендірілген жөндеу шығындары миллиондаған долларға жететінін хабарлады.

Осының нәтижесінде BMW тұтынушыларға әлі жеткізілмеген 320 000 көлік тасымалын тоқтатты. Компания кері қайтарып алу және жеткізуді тоқтату жылдың екінші жартысында бүкіл әлем бойынша сатылымның төмендеуіне әкелетінін хабарлады.

Айта кететіні, бірқатар BMW үлгілерінде, тежеу ​​желілерінде қысымның тұрақты деңгейін сақтап тұратын IBS жүйесінің электрондық контроллерінің ақаулығы анықталды. Бұл қондырғыны BMW зауыттарына Continental компаниясы жеткізген.

Осы ақау Қытай, АҚШ, Германия және Оңтүстік Кореядағы көліктерден табылған.

Салдарынан биржада компания акциялары құлдырады.

Сондай-ақ оқыңыз