Қырғызстан Ресейде жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарына үндеу жасады
Қырғызстан Ресейде жұмыс істеп жүрген қырғыз тігіншілері мен құрылысшыларын еліне қайтуға үндеді. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов хабарлады.
«Қырғызстанда тігін және құрылыс саласында жұмыс күші тапшы. Мұнда жалақы Ресей табатын ақшамен бірдей», – деп жазды Алагөзов желідегі парақшасында.
Бұған дейін Қырғызстан азаматтарын Ресейге барудан уақытша бас тартуға шақырған.
Ведомство бұл ұсынысын «Ресей аумағында енгізілген қосымша қауіпсіздік шараларының жалғасуымен және мемлекеттік шекара арқылы кіруге бақылаудың күшейтілген режимімен» байланыстырды.
Crocus City Hall ғимаратында 140-тан астам адамның өмірін қиып, 500-ден астамы жараланған теракттен кейін, ондаған қырғызстандық Ресейде «қара тізімге» іліккен болатын.
Лаңкестік әрекеттен кейін, Ресей билігі мигранттарға қатысты заңдарын күшейтті. Дума заң бұзған шетелдіктерді елден шығарудың ерекше режимін бекітті.
Мамыр айында Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі шекарадағы бақылаудың күшеюіне байланысты халықты себепсіз Ресейге барудан бас тартуға шақырған.
Сәуір айының аяғында Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына Ресейге барудан уақытша бас тартуға кеңес берді.