NASA поляр шұғыласын зерттеуге арналған ғарыш бағдарламасын іске қосуды 2025 жылға жылжытты

Жарияланды (жаңартылды )
Коллаж: golosameriki.com

EZIE миссиясының ауысуы ғалымдарға ғарыш аппараттарының жұмысын жердегі приборлармен синхрондауға мүмкіндік береді.

NASA жердің магнит сферасын зерттеуге арналған EZIE ғарыш миссиясын бастайтын күнді қайтадан белгіледі.

Electrojet Zeeman Imaging Explorer (EZIE) миссиясы полярлық сәулелердің бөлігі болып табылатын қарқынды электр токтарын зерттеуге бағытталған.

Поляр шұғыласы (солтүстік шапақ деп те аталады) жердің магнит өрісінің күн желінің зарядталған бөлшектерімен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады. Содан тұрғындар аспаннан әртүрлі түсті сәуленің шашырағанын көреді.

EZIE миссиясы үш кубсаттан (текше бөліктерден тұратын шағын приборлар) тұрады. Бұл құрылғылар жер бетінен 100 шақырым биіктікте – біздің планетамызды қоршаған кеңістіктен нақты бөліп тұратын ионосфера деп аталатын атмосфералық қабаттағы электр тогын өлшейтін болады.

Үш аппараттың орбиталары жердің екі полюсін кесіп өтеді, онда құрылғылар атмосферадағы токтарды картаға түсіреді. NASA бұл процесс ғалымдарға жердің магнит сферасының физикасын жақсырақ түсінуге көмектеседі деп сенеді. Соның нәтижесінде ғарыштағы құбылысты – геомагниттік дауылдар мен полярлық сәулелердің пайда болуын әлдеқайда дәл болжауға болады деп үміттенеді.

Миссияны 2012 жылдың шілдесінде NASA қолданбалы физика зертханасының (APL) ғылыми басшылығы мақұлдады. Кубсаттарды бастапқыда 2024 жылдың соңында іске қоспақ болды, бірақ NASA осы аптада миссия келесі жылға шегерілетінін хабарлады.

Қыркүйекте SpaceX компаниясы экипажы қарапайым адамдардан құрылған ғарыш кемесін ұшырды. Экипаж құрамында Polaris Dawn миссиясының жетекшісі инвестор, миллиардер Джаред Айзекман бар. АҚШ әскери-әуе күштерінің отставкадағы подполковнигі Скотт Потит, SpaceX-тің ғарыш операциялары бойынша жетекші инженері Анна Менон және компанияның астронавтарды даярлау жөніндегі маманы Сара Гиллис те миллиардермен бірге ұшты. Бірнеше тәуліктен соң ғарыш туристері аман-есен оралды.

Сондай-ақ оқыңыз