Кәсіпкер демеуімен әйеліне қымбат киім сатып алған Ұлыбританияның премьер-министрі тергелуде – БАҚ

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: Х/Keir_Starmer

Ұлыбританияның премьер-министрі Кейр Стармерге қатысты соталды тергеу жүргізілуде. Шенеунік әйелі Викторияға кәсіпкердің демеуімен қымбат киім сатып алғаны үшін жазықты болып отыр.

The Times басылымының жазуынша, мультимиллионер бизнесменнің саясаткердің әйеліне берген сыйлығы үшін Стармердің басы дауға қалған.

«Премьер-министр мультимиллионер-кәсіпкердің, яки өз партиясының донорының әйеліне қымбат киім сатып алғанын жарияламай, парламенттік жоспарды бұзды», – делінген материалда.

Демеуші Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Вахид Алли екені белгілі болды. Ол билікке келгенге дейін де премьер-министр әйелінің жеке сауда кеңесшісінің қызметін қаржыландырған.

Кеңсе тарту-таралғының жалпы құнын айтпады. Викторияның оларды қашан қабылдағаны да белгісіз.

Кейр Стармер 2024 жылдың 5 шілдесінде ресми түрде Ұлыбританияның премьер-министрі болып тағайындалды. Ол – лейборист партиясының осы лауазымды иеленген жетінші өкілі. Бұрынғы премьер-министр Риши Сунак партиясы кезектен тыс сайлауда жеңілгеннен кейін отставкаға кетті.

Сондай-ақ оқыңыз