Стратегия, көлік жарысы және симуляторлар: 2024 жылғы үздік мобайл ойындарға шолу
Жыл өткен сайын мобайл ойындардың неше түрлі жаңарған нұсқасы шығып жатыр. Жаңадан шықса да көпшіліктің оң бағасын алып жатқандары қаншама?! 2024 жылы геймерлердің көңілінен шыққан 25 ойынды назарыңызға ұсынып отырмыз. Мұның ішінде жаңа тайтлдарға қоса, сүйікті ойынға айналған қолданбалардың жаңа кейіпкерлер, деңгейлер мен мүмкіндіктер қосылған түрлері де бар. Әрі түрлі жанрды қамтуға тырыстық: RPG, динамикалық шутерлер, стратегиялық ойындар мен симуляторлар — бәрі бар.
1. Genshin Impact
Бұл ойынды геймер қауым жақсы біледі. Танымал болуына контентінің қызық әрі бай болғаны мен тұрақты түрде жаңартып тұратыны да себеп болса керек. Биылғы өзгерістерге тоқталсақ, 2024 жылы жаңа аймақтар, персонаждар мен оқиғалар қосылады. Жыл соңына дейін біртіндеп жаңара береді. RPG фанаттары бұған қуанатыны сөзсіз.
2. LeagueofLegends: WildRift
Riot Games жасаған танымал MOBA-ойынның мобайл нұсқасын жүктеп алғандар саны күн өткен сайын көбейіп келеді. Биылғы жаңартулардың ішінде жаңа чемпиондар, карталар мен ойын режимдері болады. Соның арқасында геймплей ойыншыларға қызық әрі тартысты бола түседі.
3. Call of Duty: Mobile
Бұл ойынды тіпті таныстырып жатудың өзі артық болар. Өте танымал шутер геймерлерге биыл да таңғажайып графика мен түрлі режим қосты. Атап айтқанда, карталар, қарулар мен оқиғалар бар. Бас көтермей ойнайтын ойын деген осы шығар?!
4. Apex Legends Mobile
Дербес компьютерлер мен консольдарда ойналатын тағы бір танымал ойынның мобайл нұсқасын байқап көріңіз. Мобайл құрылғыларда да ойнауға ыңғайлы болуы үшін жақсылап бейімделген. 2024 жылы жаңарту көп: жаңа аңыздар, карталар мен геймплей қызығырақ өтуіне үлес қосатын жақсартудың неше түрі қосылады.
5. Among Us
Бұл ойынды таныстырудың керегі жоқ. Қанша жылдан бері үздіктер қатарынан түспей келеді. Бір қарағанда ойын механикасы өте қарапайым әрі түсінікті. Сөйте тұра тартысты. Биылғы жаңартулар қатарында жаңа карталар мен рөлдерді айта аламыз. Соның есебінен геймплей бұрынғыдан да қызығырақ бола түсті.
6. Diablo Immortal
Blizzard шығарған бұл ойын арқылы Diablo әлеміне «саяхаттауға» болады. Мобайл құрылғыларға арнап әзірленген нұсқасын байқап көріңіз. 2024 жылы сюжеті кеңейтіліп, жаңа мықты кейіпкерлер қосылды. Осылайша геймерлер Санктуария әлеміне тереңірек енуге мүмкіндік алады.
7. Pokémon UNITE
Pokémon қай жастағы ойыншыға да қызық. Соның франшизасының элементтері қосылған бұл MOBA-ойын көпшіліктің көңілінен шығып жатыр. Биыл бағдарламалаушылар жаңа покемондар, карталар мен оқиғалар қосып, геймерлерді қуанта түседі.
9. Clash of Clans
Классикалық бұл стратегияның да фанаттар базасы ауқымды. Жыл өткен сайын геймерлерге жаңаша дүниелер ұсынып, функциялары мен оқиғалары толығып, қуантып келеді. 2024 жылы бағдарламалаушылар тіпті қызық жаңартулар ұсынады. Жаңа әскерлер мен құрылыстың сан атасы болады деседі. Стратегия құрастыруға қызығатындарға таптырмас ойын.
10. Fortnite Mobile
Танымал баттл-роял дербес компьютерде ғана емес, смартфондарда да бар. Тұрақты түрде жаңартылып, оқиғалар қосылып тұратындықтан, мобайл нұсқасын жақсы көретіндер қатары көбеймесе, азаймайды, 2024 жылғы жаңартуларға келсек, жаңа маусымдар, скиндер мен ойын режимдері қосылып тұрады. Бұл ойынды бұрынғыдан бетер қызық ете түсері сөзсіз.
11. Minecraft
Бұл ойынды таныстырудың өзі артық. Өйткені мобайл құрылғыларға арналған Minecraft-ты екінің бірінің смартфонынан көреміз. Әсіресе, жасөспірімдер беріліп ойнайды. Шығармашылық еркіндік пен терең зерттеуге құмар жандардың көңілінен шығады. Биыл бағдарламалаушылар ойын процесін бұрынғыдан да қызық қылу үшін құрылысқа түрлі мүмкіндік қосады. Бұл дегеніміз бастан кешетін оқиғаның көкесі күтіп тұр деген сөз.
12. Brawl Stars
Supercell шығаратын бұл динамикалық ойын сюжетімен көпшілікті баурап алады. 2024 жылы жаңа күрескерлер, карталар мен режимдер қосылады. Сондықтан уақытылы жаңартып отырғаныңыз жөн.
13. FIFA Mobile
Шын өмірде доп теппесе де осы футбол симуляторын жүктеп алып, өзін Месси мен Роналду сезінуге мүмкіндік беретін ойын. Әлбетте, спортсүйер қауымның арасында да танымал. Таныстырып жатудың өзі артық. EA Sports-тың симуляторы футбол фанаттары үшін ТОП-тан түспей тұр. Биыл командалар мен оқиғалар жаңартылады. Графика да, геймплей де жақсартылды. Демек, ойын процесі енді реал болып жатқандай сезім сыйлайды. Ойнап көріңіз.
14. PUBG Mobile
Екі жасөпірімнің бірінің смартфонынан табылатын ойын десек, қателесе қоймаспыз. Мобайл құрылғыларға арналған ең танымал баттл-рояльдың бірі қанша жылдан бері бастаған көшін жалғастырып келеді. 2024 жылы ойыншыларға жаңа карталар мен ойын режимдері қосылады.
15. Clash Royale
Тағы бір қызық стратегиялық ойын. Карта ойынына биыл да жаңа карталар мен балансировкалар қосылып, толықтырылады. Атап айтқанда, бұрын болмаған ареналар, оқиғалар қосылады. Соның арқасында стратегиялық тұрғыдан терең әрі қызық бола түседі.
16. Stardew Valley
Фермер болғысы келетіндер де, жай ғана демалып, қиялға ерік бергісі келетіндер де ойнай алатын қызық ойын. Бұл симулятордың да фанаттар базасы қалыптасып үлгерген. Өйткені мұндағы атмосфера адамды тыныштандырады, терең механикасы бар. 2024 жылғы жаңартулар ішінде кейіпкерлер, квесттер мен ферманы дамытуға арналған мүмкіндіктер бар.
17. Gwent: The Witcher Card Game
Ведьмак ғаламының карта ойыны да көпшіліктің көңілен шығады. Әсіресе, мобайл құрылғыға айналған түрін ойнау қолайлы бола түсті. Биыл нендей өзгеріс бар десеңіз, айтайық — жаңа карталар, оқиғалар мен баланстар бар. Демек, ойын бұрынғыдан да тартысты, стратегия тұрғысынан алуан түрлі болады.
18. Dead Cells
Metroidvania элементтері қосылған рогалик-платформерде динамикалық шайқастар өткізуге болады. Деңгейлері де өте күрделі әрі қиын. Бірінен екіншісіне өтуге көп күш салу қажет. 2024 жылы бағдарламалаушылар жаңа деңгейлер қосып, дұшпандар мен қарулар қатарын толықтырамыз деген еді. Жыл бойы біртіндеп қосыла береді.
19. The Sims Mobile
Қиялыңыздағы өмірді сүріп, сонда жүргендей елестетуге мүмкіндік беретін EA-ның симуляторын көбі жақсы біледі. Виртуал әлемде кейіпкерлерді басқара аласыз. 2024 жылы жаңа мамандықтар, хоббилар мен құрал-жабдықтар қосылады. Демек ойын процесі тіпті қызық бола түседі деген сөз.
20. Magic: The Gathering Arena
Өте танымал карта ойының мобайл нұсқасы да ойнауға барынша қолайлы етіп жасалды. Геймплей ойнай білген адамға өте қызық әрі стратегия тұрғысынан терең. Биыл бағдарламалаушылар жаңа карталар мен ойын оқиғаларын қосты. Соның есебінен геймерлер үнемі жаңа стратегиялар мен мүмкіндіктер ашып отырады.
21. Terraria
Құрылысқа қызығатындарға таптырмайтын ойын. Қызыққа толы пиксельді sandbox жаңартуды жиі ұсынады. Әрі түрлі мүмкіндіктер беріп отырады. Биыл мысалы жаңа биомдар, құрал-жабдықтар мен монстрлар қосылады. Бұл дегеніңіз ойынға қаншама жаңа контент салынатынын білдіреді. Сондықтан байқап көру ләзім!
22. Hearthstone
Blizzard ұсынған карта ойыны. Тұрақты түрде жаңарып, қызықтырып отыратындықтан, фанаттары онысын қатты құрметтейді. Жаңа контент қосылған сайын қуанады. 2024 жылы жаңа карталар жинағы мен оқиғалар қосылады.
23. Monument Valley 3
Өзіне тән бірегей визуал стилі бар басқатырғы ойын. Деңгейлерден өткен сайын өзіне тарта береді. 2024 жылы даңа деңгейлер мен механикалар қосылады. Сондықтан зерттеп, бас қатырып ойланғанды жақсы көретіндер ойнап көруі керек.
24. Alto’s Odyssey
Сэндбордиң жайлы әдемі әрі тынықтыратын ойын. Мұндағы стиль де визуал түрде әдемі де қарапайым. соған қарамастан геймплей өте қызық, еліктіріп, тартып тұрады. Биыл жаңа деңгейлер мен элементтер қосылып, тіпті ғажап бола түседі.
25. Asphalt 9: Legends
Жарысты жанындай жақсы көретіндер смартфон тұрмақ, кнопкалы телефон ұстаған кезде де осы танымал ойынды сүйіп ойнаған. Ал қазір заман талабына сай тіпті тартымды бола түсті. Жылдамдықты асырып, желдей есіп жарысқанда сүйетіндерге таптырмайтын ойын. Сүйікті машинасын таңдап алып, оны дамытып ойнағанның өзі рахат сыйлайды емес пе?! Биыл жаңа машиналар, тас жолдар мен оқиғалар қосылып отырады. Соның арқасында геймерлер жарыстан жаңа эмоциялар ала алады.