Жаңалықтар

Қазақстанның 6 өңірінде өнеркәсіп өндірісі төмендеген

Какие города показали самый низкий рост по промпроизводству
Қай өңірлерде өнеркәсіп өндірісі төмендеген / Фото: shutterstock, бильд-редактор Денис Андреев

2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өндірісі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% өскен. Тау-кен, өңдеу және химия, металлургия саласындағы өндіріс артқан.

Бұл айларда құны 31,8 трлн теңгеге тең өнеркәсіп өнімі өндірілген. Соның ішінде 14,6 трлн теңгесі тау-кен өндіру өнеркәсібі өнімдеріне тиесілі болса (45,9%), өңдеу өнеркәсібінде 14,9 трлн теңгенің өнімі (47%) өндірілді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанның 14 өңірінде өнеркәсіп өндірісінің өскені байқалады. Әсіресе, Ұлытау, Қарағанды, Түркістан, Ақтөбе облыстарында және Астана қаласы көш басында келеді.

Ал 6 өңірде өнеркәсіп өндірісінің өсімі теріс мәнде қалыптасқан. Олар: Алматы (-6,5) қаласы мен Ақмола (-0,9%), Атырау (-0,8%), Батыс Қазақстан (-0,1%), Жамбыл (-2,4%), Қостанай (-4%) облысы.

Былтыр Алматының жалпы өңірлік өнімі 10%-ға өсіп, 24,8 трлн теңгені құраған болатын. Бұл қаланың жалпы ішкі жалпы өнімге қосқан үлесін 20,6%-ға дейін өсірді.

ЕАЭО елдері арасында Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші нашар. Қаңтар-шілдеде елдегі өнеркәсіп 2,9% өскен. Бұл көрсеткіш бойынша тек Қырғызстаннан алда келеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия дерегіне сүйенсек, өнеркәсіп саласындағы өсім бойынша, Армения көш бастап тұр. Бұл елде жыл басынан бергі өсім 15,7%-ды құрайды. Одан кейін Беларусь (7,5%) пен Ресей (4,8%) келеді.