Freedom Finance SPC Ltd. компаниясы телеком-оператор құру үшін AIX биржасында облигациялар орналастырды

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Freedom Finance SPC Ltd. 2023 жылдың желтоқсанында да AIX биржасында 200 млн доллар тартты / Архив: kursiv.media

Freedom Finance Ltd. компаниясы Astana International Exchange (AIX) биржасында  облигациялар орналастырды. Бұл облигациялық бағдарламаның екінші шығарылымы.

Олардың жылдық кірістілігі 10,5% шамасында. Бағалы қағаздар Freedom Holding құрамына кіретін еншілес компания – Freedom Finance SPC Ltd. арқылы орналастырылған. Бұл жалпы мөлшері 1 млрд долларға тең облигациялық бағдарламаның екінші кезеңі.

Бұған дейін 2023 жылдың желтоқсанында бөлшек инвесторлар үшін жылына 11,5-12%-бен бес жыл мерзімге облигациялар орналастырған еді. Оның сомасы 200 млн долларды құрады. Осы жолы да компания 200 млн доллар тартты.

Компанияның хабарлауынша, жиналған қаражат телеком-оператор құруға жұмсалады.

Айта кететіні, облигациялар шығарылымы жария түрде ұйымдастырылады, оған кез келген жеке инвестор қатыса алады. Freedom Holding Corp. компаниясының облигациялары АХҚО-ның қағидалары мен заңнамасына сәйкес шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыз