Жанат Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Жанат Элиманов 2021 – 2024 жылдары осы қызметті атқарған / Коллаж: kursiv.media

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Элиманов ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұған дейін 2024 жылғы ақпаннан бастап ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ал оның алдында 2021-2024 жылдары дәл осы қызметті атқарып, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болған.

Жанат Элиманов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулылары және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы болып бастаған.

2000 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды облысының және Астана қаласының прокуратура органдарында  әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2007 жылдан 2017 жыл аралығында әділет және қаржы министрліктерінің, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің құрылымдарында түрлі қызметтерді атқарды. 

2017 жылдан 2019 жыл аралығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымда болды.

2019 жылдың ақпан айынан сәуір айы аралығында Қарағанды облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды. Ал 2019 жылғы сәуірден Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2024 жылы ақпанда ҚМА басшысы болған Элиманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған. 

Сондай-ақ оқыңыз