Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі лауазымды қызметкерін қызметінен босатты.
Олар: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры Асқар Баймерденұлы Әмірханов.
Айта кету керек, Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді. 1997-2008 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды. 2008-2023 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. 2023 жылғы сәуір айында ҰҚК Төрағасының орынбасары болып тағайындалған.
Ал Асқар Баймерденұлы Әмірханов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. 2020 жылы Президент Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді. 1995-2004 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды. 2004-2022 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2022 жылғы қаңтарда ҰҚК Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2023 жылғы сәуірден бастап ҰҚК Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып қызмет атқарды.