Lifestyle

Кино саласындағы жетістіктер үшін берілетін Emmy Awards 2024 премиясының жеңімпаздары анықталды

Emmy Awards 2024 / фото: 76th EMMY AWARDS, коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

16 қыркүйек күні кино мен деректі бағдарламалар саласындағы жетістіктер үшін берілетін Primetime Emmy Awards 2024 премиясының биылғы жеңімпаздары анықталды. Кино әлемінің жұлдыздары Лос-Анджелестегі Microsoft Theater-де жиналып, биылғы үздіктер марапатталды.

Телевизия өнері мен ғылымы академиясы 76-рет өткізіп жатқан кино әлемі үшін маңызды додада келесі туындылар үздік деп танылды:

Үздік драма хикая – «Сегун»

Әйелдер арасындағы үздік драма актері – Анна Сауаи («Сегун»)

Ерлер арасындағы үздік драма актері – Хироюки Санада («Сегун»)

Әйелдер арасындағы үздік екінші пландағы драма актері – Элизабет Дебики («Патшайым»)

Ерлер арасындағы үздік екінші пландағы драма актері – Билли Крудап («Таңғы шоу»)

Үздік комедия – «Қулық»

Әйелдер арасындағы үздік комедия актері – Джин Смарт («Қулық»)

Ерлер арасындағы үздік комедия актері – Джереми Аллен Уайт («Аю»)

Әйелдер арасындағы үздік екінші пландағы комедия актері – Лиза Колон-Зайас («Аю»)

Ерлер арасындағы үздік екінші пландағы комедия актері – Эбон Мосс-Бакрак («Аю»)

Үздік мини-хикая – «Бұғышақ»

Әйелдер арасындағы үздік мини-хикая актері – Джоди Фостер («Нағыз детектив: Түн елі»)

Ерлер арасындағы үздік мини-хикая актері – Ричард Гэдд («Бұғышақ)

Әйелдер арасындағы үздік екінші пландағы мини-хикая актері – Джессика Ганниң (“Бұғышақ»)

Ерлер арасындағы үздік екінші пландағы мини-хикая актері – Ламорн Моррис («Фарго»)

Үздік драма режиссурасы – Фредерик Е.О.Той («Сегун»)

Үздік драма сценарийі – Уилл Смит («Кердең жылқылар»)

Үздік комедия режиссурасы – Кристофер Сторер («Аю»)

Үздік комедия сценарийі – Лючия Анелло, Пол В. Даунс, Джен Статски («Қулық»)

Үздік талқы шоу – «Күндізгі шоу»

Үздік реалити жарыс – «Сатқындар»

2024 жылдың үздік туындысы Жапониядағы ағылшын теңізшісі туралы «Сегун» хикаясы болды. Туынды 18 марапатқа ие болып, рекорд жаңартып отыр. Негізі 25 марапатқа ұсынылғаны да биылғы рекорд болатын. Екінші үздік туынды деп «Аю» хикаясын айтуға болады. Бүгінгі салтанатты марапатта «Аю» хикаясын жасаушылар 11 мүсіншеге ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, «Эмми» – 1980 жылдан бері кино мен деректі бағдарламалар саласындағы жетістіктер үшін берілетін марапат. «Эмми» жүлдегерлеріне арнайы мүсінше ғана беріледі, қаржылай сыйақы жоқ. Алтыннан құйылған мүсіншенің салмағы шамамен 3,5 кг. «Космополитан» басылымы алтын мүсіншенің құнын 216 000 АҚШ долларына бағалап отыр. Ал салтанатты жиын ұйымдастыруға кеткен қаражат туралы әзірге ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда халықаралық Almaty Animation Festival анимация фестивалінің жабылу салтанаты өтіп, байқау бағдарламасының жеңімпаздары анықталған еді.