Жаңалықтар

Қаржы министрлігі TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің номиналдық құнын 1000 теңгеге көтермек

коллаж kursiv.media

Қаржы министрлігі өтеу мерзімі бір жылдан асатын қазынашылық міндеттемелері үшін TONIA TCI-ге 1000 теңге деңгейінде индекстеуді енгізеді. Осылайша, ведмство мемлекеттік бағалы қағаздарға сұранысты арттыруды, олардың өтімділігін жақсартуды көздеп отыр. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Министрлік ішкі нарықта мемлекеттік бағалы қағазды сатып алатын қатысушылардың қызығушылығы жоғары деп есептейді. TONIA TCI индексіне индекстелген ставкасы бар қазынашылық міндеттемелерді шығару Үкіметке үкіметтік қарыздар портфелін әртараптандыруға, МБҚ өтімділігін арттыруға, сондай-ақ қарыз алу бойынша әділ құн қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

Бюджет кодексінің 205-бабына сәйкес Үкіметтің қарыз алудағы мақсаты – республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және борыштық құралдардың ішкі нарығын дамыту.

Валюталық тәуекелдерді болдырмау және борыштық құралдардың ішкі нарығын дамыту мақсатында Қаржы министрлігі екі тәсілге сүйенеді:

  • ішкі нарықтың өтімділігін барынша пайдалану;
  • ішкі нарықта қарыз алу.

Сонымен, TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің номиналдық құны – 1000 теңге болмақ. TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бір жылдан астам айналыс мерзімімен шығарылады.

TONIA Compounded Index – TONIA индикаторының соңғы есептелген мәні негізінде әр күнтізбелік күн сайын есептелетін TONIA композиттік индексі.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын TONIA Compounded Index композиттік индексіне байланыстыру оның Қазақстандағы ақша нарығының индикаторы ретінде танылуына және қаржы нарығына қатысушылардың осы құралға деген сенімінің артуына байланысты.