UBS сарапшылары 2025-2026 жылғы мұнай бағасына қатысты болжамын өзгертті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Мұнай бағасына қатысты болжам қандай / Фото: kursiv.media

UBS қаржы конгломерантының сарапшылары 2024-2026 жылдардағы мұнай бағасына қатысты болжамын төмендетті. Сарапшылардың жаңа болжамына сәйкес, Brent маркалы мұнай бағасы бұған дейінгі болжамнан арзандау болады.

Оған себеп – қара алтынға деген әлемдік сұраныстың әлсіреуі және ұсыныстың тұрақтылығы. Brent маркалы мұнайдың 2024 жылдың төртінші тоқсанындағы жаңа болжамды бағасы барреліне 83 доллардан 75 долларға дейін арзандады.

2025 және 2026 жылдарға арналған арналған болжамда Brent мұнайының 1 баррелінің бағасы 75 доллар болуы мүмкін деп жазылған.

UBS сарапшылары сондай-ақ ОПЕК+ мұнай өндірісін арттыруды кейінге қалдыруға мәжбүр болады деп пайымдайды. Өндіріс тек 2027-2028 жылдары артуы мүмкін. Негізі ОПЕК+ 2025 жылда кезең-кезеңімен ерікті қысқартудан бас тартуды жоспарлаған.

«Нарық келесі жылы кері өзгеріс болмаса, теңдестіріледі. Алдағы уақытта мұнай қорының азаюы мұнай бағасына қолдау көрсетуі мүмкін», – дейді сарапшылар.

Сұраныстың азаюы мұнай бағасының арзандауына әкелетін негізгі тәуекелге айналды. UBS 2024 жылғы жаһандық сұраныстың өсу болжамын тәулігіне 0,1 миллион баррельге төмендетіп, шамамен 1 миллион баррель болады.

Ал 10 қыркүйекте Brent маркалы мұнай кейінгі 3 жылдағы көрсеткішінен қатты арзандады. Шикізат бағасы барреліне 69,72 долларға дейін құлдырады.

Сондай-ақ оқыңыз