Siemens компаниясы мен «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанда бірлескен өндіріс орнын құрады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Siemens компаниясымен қандай келісімге қол қойылды / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Siemens компаниясы мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры Қазақстандағы жергілікті өндірісті дамыту жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Келісім аясында Қазақстан аумағында бірлескен өндіріс құру, жабдықтар мен материалдарды жеткізу, мамандарды дайындау көзделген. Алдағы уақытта Қазақстан аумағында өлшеу техникасы, өндірісті автоматтандыру құралдары, электр жабдықтары өндірілмек.

Келісім Германия канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапары барысында жасалды. «Қазақстан – Германия» бизнес форумында маңызды құжаттарға қол қойылды. Форумға қатысқан Президент Тоқаев канцлердің ресми сапары қазақ-герман қатынасының тың өріс алуына септігін тигізеді деп санайды.

Siemens AG («Siemens» ЖШС құрылтайшысы) — электр техникасы, электроника, энергетикалық жабдықтар, көлік, медициналық жабдықтар мен жарықтандыру техникасы салаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және байланыстың түрлі салаларында мамандандырылған қызметтер көрсететін неміс конгломераты.

«Самұрық-Қазынаның» жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қор елдегі ең ірі стратегиялық компанияларды басқарады. Олардың қатарында Air Astana, «Қазақтелеком», «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазМұнайГаз», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы», KEGOC және т.б бар.  

Сондай-ақ оқыңыз