Әлемге әйгілі Audi зауыты жабылмақ. Брюссельдің 5,5 мың тұрғыны наразылық шеруіне шықты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Германияда Audi зауыты жабылмақ /Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Дағдарыс еуропалық автоөнеркәсіпті шарпып тұр: әлемге әйгілі тағы бір зауыт жабылуы мүмкін. Бұл жолы Audi жабылады деген ақпарат тарады. Брюссельдің 5,5 мың тұрғыны бұған наразылық білдіріп,  шеруге шықты. Олардың 3 мыңы Audi зауытының жұмысшылары.

Шерушілер тек Audi автозауыты ғана емес, басқа да авто өнеркәсіпорындардың жабылуына қарсы. Олар елорданың Солтүстік вокзалынан басталып, одан кейін Еуропарламент орналасқан орталық алаңға дейін барған. Шеруге қатысушылар ел билігінің табыс әкелетініне қарамастан, өндірісті Еуроодақтан тыс жерлерге көшуге рұқсат беретініне наразы.

«Бірнеше жылдан бері өте жоғары табыс тапқанына қарамастан, қазіргі дағдарыс үшін төлеуіміз керек. Біз мұны қабылдамаймыз», – дейді шеруге қатысқан Бельгияның кәсіподақтар федерациясының өкілі Сор Хиллаль БАҚ-қа берген сұхбатында. Ол автошығарушылар бұған дейін жақсы табыс тапты, енді кіріс азайған тұста зауыт басқа елге көшіп, жұмысшылар неге далада қалуы керек дегенді меңзейді.

Компания Брюссельдегі зауыттың жабылу себебін Audi Q8-ге, жалпы әлем мен Еуропада қымбат электрокөліктерге сұраныстың аздығымен түсіндіреді. Сондықтан бұл көлікті Қытай мен Мексикада шығаруды жөн көреді. Қазіргі таңда Бельгияда жыл сайын үш жүз мыңнан астам көлік шығарады, оның 57 мыңы Audi зауытына тиесілі. Бұрын Бельгияда жылына 500 мың автокөлік шығарылатын, өндіріс көлемі жыл сайын азайып келеді.

Айта кетейік, бұған дейін автокөлік алпауыттарының бірі Volkswagen Еуропа аумағында шығын көп деген желеумен Германиядағы зауыттарын жабуды көздеп отыр. Ал Renault-те «жасыл» талаптарға қатысты мәселе туындаған, француз-итальяндық-америкалық Stellantis энергетикалық дағдарыс жағдайында табысынан айырылып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Audi-дің Қытай нарығында сұранысқа ие көліктердің бірі екені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз