Франция парламенті Макронға импичмент жариялауға дайындалып жатыр
Франция парламентінің төменгі палатасы – Ұлттық ассамблеясының бюросы президент Эммануэль Макронға импичмент жариялау рәсімін қосу туралы резолюция жобасын мақұлдады.
Француз басылымы Parisien-нің хабарлауынша, Ұлттық ассамблея бюросы Эммануэль Макронды биліктен тайдыру рәсімін бекіткен.
Бюро – осы ел парламентінің төменгі палатасының жоғарғы алқалық органы. Ондағы 22 адамның 12-сі – солшыл партиялардың өкілдері. Ұсыныс La France insoumise (Бағынбайтын Франция) атты партияның атынан түсіп отыр. Ол қаралған кезде 12 мүше қолдаса, 10 адам қарсы болыпты.
Импичмент жариялауға парламент сайлауында коалициясы жеңіске жетсе де, солшыл партияларға құрылатын үкіметке құрамына кіруге Макронның жол бермеуі түрткі болып отыр.
Енді резолюция мәтінін 73 депутаттан тұратын заңнамалық комиссия мақұлдауы тиіс. Ол жерде солшылдар тек қана 24 орынға ие. Содан кейін екі апта ішінде оған Ұлттық ассамблеяның үштен екісі жақтап дауыс беруі қажет.
Франция заңы бойынша, рәсімнің соңғы екі кезеңі солшылдар басымдыққа ие емес Сенатта өтеді. Сенат мақұлдаған жағдайда, қос палата бірлескен отырыс жасайды. Онда 925 парламент депутаттарының 617-сі қолдау білдіруі қажет.
Мұндай жағдайда президент дереу отставкаға кетеді.