Тамызда Қазақстандағы жылдық инфляция баяулап, 8,4%-ды құрады (шілдеде – 8,6%). Жылдық инфляция 8 өңірде баяулады, 8 өңірде қарқын алып, 4 өңірде өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Астана қаласында және Маңғыстау облысында тіркелді.
Тамызда азық-түлік тауарларының бағасы бұрынғы ж/ж 5,5% деңгейінде қалды (шілдеде – 5,5%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Алматы қаласында (8,3%) – максималды, ал Түркістан облысында (3,0%) минималды өсуді көрсетті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,7%-ға дейін артты (шілдеде – 7,3%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,0%), ең төменгі мән Алматы облысында (5,4%) тіркелді.
Тамызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 13,6%-ға дейін баяулады (шілдеде – 14,5%). Сонымен қатар Павлодар облысында (18,9%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Алматы облысында (7,7%) айтарлықтай төмен өсім көрсетті.
Жаздың соңғы айында ел көлемінде айлық инфляция 0,6% болды. Бұл – тарихи орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы тамызда – 0,2%).
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 29 тамызда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтап қалды. Бас банк ортамерзімді келешекте инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын ұзақ уақыт бойы ұстап тұруды талап ететінін мәлімдеді.