Жаңалықтар

Алматы әкімдігі қоқысты ретсіз тастайтындарға айыппұл салынатынын ескертеді

Қоқыс айыппұлы
Алматыда қоқыс айыппұлы пайда болады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қалдықты арнайы орынға апарып тастауға ерінетін алматылықтарға қоқыс айыппұлы салынады. Осыған байланысты қала әкімдігі бұл үрдіс жалғаса берсе, тұрғындарға айыппұл салынатынын ескертеді. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, қоқыс тастауға арналмаған жерлерде көлемді заттар тастайтын жағдайлар жиі кездеседі екен.

Полицейлер 16 қыркүйектен бастап, қоқыс тастаған тұрғындарға айыппұл салынатынын ескертті. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

«Көлемді қоқыс пен көше қоқыстарын рұқсат етілмеген орындарға қалдырғаны үшін айыппұл салынады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы қалалық полиция департаментімен бірлескен рейд жүргізеді. Қалдықтар заңсыз төгілетін жерлерге бейнебақылау камералары орнатылатын болады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 505-бабына сәйкес абаттандыру ережелерін бұзу мынадай айыппұлдарға әкеп соғады:

– жеке тұлғалар үшін – 20 АЕК;

– шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар – 30 АЕК;

– орта кәсіпкерлік субъектілері – 40 АЕК;

– Ірі кәсіпкерлік субъектілері – 100 АЕК.

Ведомство мәліметінше, қаланың санитарлық жағдайы мен эстетикасын жақсарту мақсатында 2024-2025 жылдары 2 мыңнан астам жаңа контейнерлер орнату жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматылықтар аула мен көшелерін абаттандыру үшін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына жоба ұсына алатыны туралы жазған едік. Қала тұрғындары аула мен көшелерін абаттандыру үшін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына өз жобасын 9-25 қыркүйек аралығында ұсына алады.