Кейінгі 10 жылда Қытайда өте бай адамдардың қатары артқан. Тіпті алпауыт АҚШ-ты басып озды. Байлығы 100 миллион доллардан асатын адамдардың қатары кейінгі он жылда 54%-ға артып, 29 350 адамға жеткен. Бұл туралы Henley & Partners компаниясы New World Wealth-пен бірлесе жүргізген зерттеу нәтижесінде жарияланған.
Байлығы 100 млн доллардан асатындардың басым көпшілігі – Қытай мен АҚШ азаматтары. Қытайдағы байлардың саны 108%-ға өссе, АҚШ дәулеттілері 81% өскен. Сарапшылар бұл екі елде байлығы асқан жандардың саны жыл сайын өсіп жатқанын жазады.
Ұлыбритания, Германия мен Францияда салыстырмалы түрде аз. Henley & Partners бас директоры Юерг Стеффен Еуропадағы бұл жайтты Ұлыбритания, Германия және Франциядағы ірі нарықтардағs баяу өсіммен байланыстырады.
Өте бай адамдардың үштен бір бөлігі дүние жүзіндегі 50 негізгі қалада тұрады. Негізінен Нью-Йорк, Калифорния мен Лос-Анджелесте қоныстанған. Одан кейін Лондон мен Бейжің келеді.
Азияның қалалары аса бай мегаполис рейтингінде жылдам көтеріліп келеді. Бейжің 347 центмиллионерімен әлемде 5-ші орында, Сингапур 6-шы (336), Шанхай 7-ші (322) және Қытайдың Гонконгы 320 өте бай тұрғынымен 8-ші орында тұр.