Barron’s АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлемені төмендететін 20 бенефициар-акцияны атады

Жарияланды
shutterstock.com

Уолл-стрит АҚШ-тың Федералды резерві сәрсенбіде пайыздық мөлшерлемені төмендету циклін бастайтынына күмәнданбайды. Бұл дивидендтер төлейтін акциялардың инвесторлар үшін тартымды болуына мүмкіндік береді. Өйткені қазынашылық пен депозиттердің кірістілігі төмендейді.

Уолл-стритте 17 жыл жұмыс істеген RW Baird брокерлік компаниясының бұрынғы стратегі – Barron’s редакторының орынбасары Аллен Рут ФРЖ шешімінің алдында ақша-несие саясатын жеңілдету арқылы тартымдылығы өсетін АҚШ компанияларының 10 банктік және 10 банктік емес дивидендтік акцияларын атады.

Банктер

Пайыздық мөлшерлемені төмендету банктер үшін қаржыландыру құнын азайтады және несиеге сұранысты арттырады. Сонымен қатар әдетте экономика өсім көрсетіп келе жатқан төмен ставкалар кезеңінде қарыз алушылар өз несиелеріне жиі қызмет ете алады. Нәтижесінде қайтарылмау қаупі төмендейді және несие портфелінің сапасы жақсарады.

Barron’s сарапшылары ең тәуір деп санаған Russell 1000 индексіндегі он банк: East West Banking, Western Alliance Bancorp, Wintrust Financial, Reinsurance Group of America, Webster Financial, FNB, Popular, Prosperity Bancshares, JPMorgan Chase және First Citizens Bancshares.

Бұл акциялар тобы инвесторларға 2,3%-дық орташа кірісті қамтамасыз етеді. Кейінгі 12 айда тізімдегі банктер орташа есеппен таза пайданың 25%-ын «салыстырмалы түрде қауіпсіз» дивидендтерді төлеуге жұмсады, деп атап өтті Аллен Рут. Бұл тізімдегі «сатып алу» рейтингі бар акциялардың үлесі S&P 500-ге қарағанда әлдеқайда жоғары (80% және 55%), деді ол.

Банктік емес сектор

Әдетте дивидендтік кірістілігі төмен акциялар жоғары пайыздық мөлшерлемелерге қарағанда пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуіне көбірек әрекет етеді. Дивидендтік кірісі төмен әрі Уолл-стритке ұнайтын қаржылық емес сектордағы он компания – Delta Air Lines, UnitedHealth, ITT, Walmart, Cheniere Energy, Weatherford, Broadcom, Vistra, Dell және T-Mobile.

Barron’s мәліметтері бойынша, осы 10 компанияның акциялары 1,2%-дық орташа кірісті қамтамасыз етеді. Тізімдегі кәсіпорындар орташа есеппен инвесторларға дивиденд ретінде кейінгі 12 айда алынған таза кірістің 48%-ын төледі. Он акцияның тоғызы «Сатып алу» рейтингінде бар.

Сондай-ақ оқыңыз