Halyk bank ғаламдық депозитарлық қолхаттарын (ҒДҚ) қайта сатып алу бағдарламасын жариялады. Қаржы ұйымы жалпы құны 50 млн долларға тең ҒДҚ-сын кері сатып алуға ниетті. Директорлар кеңесінің шешімі Қазақстан қор биржасында жарияланған.
«Бағдарлама 50 миллион долларға дейінгі сомаға есептелген және Банк капиталының құрылымын оңтайландыруға бағытталған», – деліген хабарламада.
Банктің 1 ҒДҚ-сы – 40 қарапайым акцияға тең. Бұл бағалы қағаздарды алдымен Citigroup Global Markets сатып алып, содан кейін Halyk bank-ке қайта сатады. Citi ЖДҚ сатып алу бойынша тәуекелсіз принципал ретінде әрекет етеді.
Кері сатып алынатын бағалы қағаздар үлесі қаржы ұйымының айналымдағы қарапайым акцияларының 1 пайызынан аспайды.
Қайта сатып алу бағдарламасы 2024 жылдың 18 қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың 18 қыркүйегінде аяқталады.
Halyk bank – Қазақстандағы ең ірі екінші деңгейлі банк. «Халық Банкі» Қазақстан қор биржасының акциялары 1998 жылдан Лондон қор биржасында, 2006 жылдан Астана халықаралық биржасында, 2019 жылдан бері айналымда жүр. 30 маусымдағы жағдай бойынша банктің жиынтық активтері шамамен 16,7 трлн теңгені құрады.
17 қыркүйек күні Halyk Bank 300 млн доллар сомаға синдикатталған несие алатынын хабарлады. Ол екі транштан тұрады: біреуі – бір жылға, екіншісі – үш жылға. Банктің негізгі акционерлері – Динара және Тимур Құлыбаевтар. Олар ALMEX холдингі арқылы қаржы ұйымының 56,4%-ына иелік етеді. 23,14%-ы номиналды ұстаушы және Лондон қор биржасында сатылатын депозитарлық қолхаттарды шығаратын Bank of New York-ке тиесілі.