Байқоңыр ғарыш айлағы – 1955 жылы құрылған әлемдегі ең ірі және ең маңызды ғарыш айлағы. Бұл әлемдегі ең алғашқы ғарыш айлақтарының бірі және Кеңес Одағы ғарыш бағдарламасының басты орталығы болған. Кеңес Одағы ыдыраған соң, ғарыш айлағы Ресей Федерациясының жалға алуында қалып отыр.
Байқоңырдан түрлі ракеталар мен ғарыш аппараттары ұшырылады. Соның ішінде, «Союз» және «Протон» ракеталары маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) және басқа ғарыштық миссияларға қажетті жүктерді тасымалдау үшін де қолданылады.
Жалға беру құны
Байқоңыр ғарыш айлағы Ресей мен Қазақстанның бірлескен жобасы. Сондай-ақ халықаралық ғарыш агенттіктері және коммерциялық компаниялармен бірлесіп жұмыс істейді. ҚР үкіметі мен РФ үкіметі арасында «Байқоңыр» кешенін жалға алу келісімі заңды түрде 1995 жылы күшіне еніп, сол уақыттан бері Ресей тарапы жалға алу құнын төлеп келеді.
Келісім бойынша Ресей тарапы жыл сайын еліміздің республикалық бюджетіне 115 миллион доллар төлеуі тиіс. 1995-2024 жылдар аралығында төленген жалға алу құнының жалпы сомасы – 3 335 000 000 доллар. Егер теңгенің долларға орташа жылдық айырбас бағамы арқылы есептесек, 1995-2024 жылдар аралығында Ресей үкіметі Қазақстан бюджетіне 735,2 миллиард теңге жалға алу құнын төлеген.
Ал 19 жыл ішінде төленген жалдау құны әлемдік ғарыш экономикасының бір жылдық айналымынан көш ілгері деп айтуға келмейді.
Әлемдік ғарыш нарығы
Әлемдік ғарыш экономикасы 2023 жылы 570 миллиард долларды құрады, ал 2022 жылғы көрсеткіш 531 миллиард доллар болған. Бұл өсім саланың бес жылдық күрделі жылдық өсу қарқынына (CAGR) сәйкес келеді және он жыл бұрынғы ғарыш экономикасының көлемінің екі еселенген көлемі деуге болады.
Ғарыш қорының жыл сайын The Space Report журналында жарияланатын жаһандық ғарыш экономикасына талдауы 11 ғарыш секторының коммерциялық кірістерін зерттейді. Биылғы жылы 54 мемлекет пен халықаралық ұйымдарды қамтитын мемлекеттік шығындарды да талдаған.
Коммерциялық ғарыштан түскен табыс 2023 жылы 445 млрд долларды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға жоғары. Позициялау, навигация және уақытты анықтау (PNT) 209 миллиард доллар табыс тапқан.
Жер станциялары мен жабдықтар, келесі ең үлкен санат. Өткен жылы 17 млрд доллар тауып, 19% өсті. Коммерциялық спутниктерді өндіру мен ұшырудан түскен кірістер көлемі жағынан салыстырмалы түрде аз болғанымен, жаһандық ұшыру қарқыны жеделдеген сайын екі жыл ішінде екі есе өсті.
Ғарыштық бағдарламаларға халықаралық үкімет шығындары 2023 жылы 11%-ға өсіп, 125 миллиард долларға жетті. Ең көп шығын көретін тоғыз үкімет өткен жылы бюджеттерін екі таңбалы санға көбейтті. Олар :АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей, Еуропалық Одақ, Франция, Германия, Италия және Оңтүстік Корея.
Барлық 54 елдің 42-сі (78%) 2023 жылы ғарыштық шығындарды ұлғайтты. 44 елдің алдын ала 2024 жылға арналған бюджеттері шығыстарды ұлғайтқанын көрсеткенімен, орташа өзгеріс 35%-ға өсті, өйткені көптеген елде ғарыш саласына бөлінген бюджет күрт өскен.
Үкіметтер ғарыштық доменнің ұлттық қауіпсіздік үшін маңыздылығын көбірек мойындауда. Ғаламдық әскери ғарыштық бюджеттер 18%-ға өсіп, 57 млрд долларға жетті, бұл мемлекеттік ғарыштық шығындардың 46%-ын құрайды. Қорғаныс шығындарының басым бөлігі (80%) Америка Құрама Штаттарына тиесілі. Бірақ басқа елдер, соның ішінде Жапония мен Польша өткен жылы ғарыштық қорғаныс шығындарын күрт арттырды.