Президент күштік құрылымдарда бірқатар ауыс-түйіс жасады

Жарияланды
Тоқаев
Президент күштік құрылымдарының жаңа басшыларын тағайындады / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Бақытбек Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызмет бастығы, ал Аңсаған Балтабеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Ал Еркін Ботақанов Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аңсаған Балтабеков 2009 жылдан бері Президенттің күзет қызметінің офицері, бастықтың орынбасары қызметін атқарған. 2023 жылы 5 мамырда генерал-майор атағын алды.

Сондай-ақ оқыңыз