Алматының «Көк-Төбе» телемұнарасында халықаралық жарықтандыру технологиялары қолданылады. Бұл туралы телемұнараны жарықтандырумен айналысатын мердігер компанияның мамандары хабарлады.
Мамандардың айтуынша, медиа қасбеттер әр 30 минут сайын өшіріледі. Осы кезеңде тек прожекторлармен қамтамасыз етілген фондық жарықтандыру жұмыс істейді. Бұл медиа қасбеттердің энергия үнемдеуіне оң әсер етеді және теледидар мұнарасының эстетикалық тартымдылығын сақтауға мүмкіндік береді.
Осыған ұқсас технология басқа елдердегі танымал объектілерді сәулеттік-көркемдік жарықтандыруда кең таралған. Мысалы, Нью-Йорктегі Empire State Building зәулім ғимаратында жарық қарқындылығы мезгіл-мезгіл өзгеріп, түнде өшетін күрделі жарықтандыру сценарийлері қолданылады. Тағы бір осындай технология Токионың теледидар мұнарасын және Дубайдағы Бурдж-Халифаның зәулім ғимаратын жарықтандырады.
«Көк-Төбе» телемұнарасы қай уақыттарда жанады?
Күн сайын сағат 20.00-ден 02.00-ге дейін динамикалық жарықтандыру жұмыс істейді.
Сағат 02.00-ден 05.00-ге дейін тек фондық режимде прожекторлық жарықтандыру жұмыс істейді.
Мереке күндері сағат 21.00-ден 02.00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнеролик қосылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда қала күніне орай 150-ден астам мерекелік іс-шара өтіп, Алматы кезекті рет Гиннесс рекордтар кітабына енген еді.