Қазақстандықтар облигациялар сатып ала бастамақ: биыл жылдық 24%-бен құнды қағаздар орналастырылған

Жарияланды (жаңартылды )
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Брокерлер жақында жаңа қазақстандық клиенттер легін күтіп отыр. Еліміздегі мөлшерлеме түскенге дейін олар жергілікті облигациялардың жоғары табыстылығын бекітуге ұмтылмақ. Бұл туралы Freedom Finance Global директорлар кеңесінің төрағасы, «Фридом Финанс» АҚ басқарма төрағасы Сергей Лукьянов мәлімдеді.

«Жақында осы табыстылықты бекіту үшін дара инвесторлар келеді деп күтіп отырмыз. Еліміздің барлық биржасында клиенттік база өседі», – деді ол  Астанада өткен First Kazakhstan Economic Freedom High-Level Conference-те.

Оның сөзіне қарағанда, кейінгі жылдары қазақстандықтар мөлшерлемелер өсіп жатқанда құнды қағаздар қоржынындағы облигациялар үлесін арттырған.

«Егер біздің компания бойынша жалпы клиенттік базаны алсақ, онда бәрі 50 де 50 қағидасына келеді. Бірақ соңғы 3-4 жылда үрдістер облигацияға қарай  жылжып жатыр. Мұны түсіндіру оңай. Бұдан үш жыл бұрын мен базаға қарадым. Бізде облигацияларға инвестиция жасаған клиенттердің саны 40% болды. Акцияларға жасағандар 60% еді. Сосын 60 пайызымыз 55% болды. Қазір 45 болып отыр. Қалғандарды облигацияларға инвестиция жасап жатыр. Қазір 60% облигацияға, 40%-ы акцияларға салып жатыр», – деді ол.

Оның айтуынша, қор нарығы өскен кезде адамдар акцияларға көп инвестиция салды. Барлық әлемде олардың пайыздық мөлшерлемесі аз болды. Облигацияға инвестор болғандар аз еді. Алайда инфляция өсімі мен мөлшерлеме деңгейі оларға деген қызығушылықты арттырып отыр.

«Қазір облигациялардың жай-күйі мүлде басқаша. Қазір өсіп жатқан облигацияларды алып қарасақ, 10 есе өскенін көреміз. Төрт жыл бұрын, одан кейінгі жылы қазақстандық облигацияларға тартылған инвесторлардың саны 2% ғана еді. Сосын бұл 2 – 10-ға, 10 – 15-ке, сосын 20-ға дейін көбейді.  Қазір инвесторлардың үлесі 25%-ға дейін барады деп үміттеніп отырмыз. Оларды не қызықтырып отыр? Әрине, табыстылығы», – деді Лукьянов.

Кейбір қазақстандық компаниялар облигациялар шығару арқылы қаржы тартқан. Теңгеде жылдық 24%-бен. Бұл ұлтық валютадағы депозит бойынша қазіргі мөлшерлемелерден едәуір жоғары. Мәселен, сәуір айында «Бірінші ломбард» ЖШС Қазақстандық қор биржасында (КАSE) жылдық 24%-бен 349,9 млн теңге тартқан. Жалпы шығарылым – 2 млрд теңге.

Сондай-ақ оқыңыз