Қор нарығына шолу: ФРЖ ставкасының төмендеуі, Үндістан Қытайды басып озды, жеңілдету кезеңіндегі стратегиялар
Федералды резерв мөлшерлемесінің төмендеуі АҚШ экономикасының ықтимал экономикалық әлсіздігі туралы мәселе туындатты. Хедж-қорлар ставкаларды төмендету циклі үшін сауда стратегияларын дайындап жатыр. Үндістан тарихта алғаш рет MSCI негізгі қор индексі бойынша Қытайды басып озды. Осы және өзге де тақырыптар туралы 18 қыркүйектегі шолудан оқыңыз.
ФРЖ ставкаларды жарты пайызға төмендетті: бұл экономиканың ықтимал әлсіздігін көрсетеді
18 қыркүйекте Федералды резерв қарыз алу мөлшерлемесін бірден жарты пайызға, 4,75%-5% диапазонына дейін төмендетті, деп хабарлады CNBC. CME Group компаниясының FedWatch құралына сәйкес, мұндай жұмсарту күтілген болатын. Оны сарапшылар дәл болжады және трейдерлердің күткенімен сәйкес келді.
Алайда мұндай ауқымды жұмсарту АҚШ экономикасының ықтимал экономикалық әлсіздігі туралы мәселелер туындатты. «Қысқарту туралы шешім ФРЖ инфляцияның төмендеуінің тұрақты тенденциясын тіркейтінін көрсетеді. Енді реттеуші экономикалық күйзелістен аулақ болуға тырысуы мүмкін. Өйткені ставкаларды ұзақ уақыт бойы ұстап тұру керек болды», – деді Morningstar Wealth инвестициялық директоры Филип Штраль.
ФРЖ шешімі аясында коммерциялық банктердің акциялары күрт өсті. Олардың кейбірінің қағаздары сессияның ең жоғары деңгейіне жетті. SPDR S&P Bank ETF 2,4%-ға өсті. ServisFirst Bancshares және Glacier Bancorp 4%-дан қосты. SPDR S&P-нің аймақтық банктік ETF-і 3,3%-ға өсіп, 23 тамыздан бергі ең жақсы күн тіркелді.
Үндістан тарихта алғаш рет MSCI негізгі қор индексі бойынша Қытайды басып озды
Үндістан тарихта алғаш рет MSCI негізгі қор индексі бойынша Қытайды басып озды. Бұған елдің тұрақты экономикалық өсуі мен капиталдың қомақты ағыны ықпал етті.
MSCI инвестициялық индексіндегі Үндістанның үлесі 2,35%-ға дейін өсті. Сөйтіп алғаш рет Қытайдың үлесінен (2,24%) асып түсті деп хабарлады Morgan Stanley өз есебінде. «Үндістан нарықтың өсуі, жаңа эмиссиялар және өтімділіктің жақсаруы арқылы үлесті арттыруды жалғастырады», – дейді Джонатан Гарнер бастаған Morgan Stanley сарапшылары.
Reuters олар Үндістанның MSCI индекстеріндегі үлесінің артуы қосымша капитал ағынына әкеледі деп санайтынын жазды. Мұнда әлемдегі ең табысты нарықтар – NSE Nifty 50 және S&P BSE Sensex базалық индекстері биыл сәйкесінше 17% және 15%-ға өсті. Осы уақытта Қытайдың Shanghai Composite индексі экономиканың өсу қарқыны мен жылжымайтын мүлік дағдарысының төмендеуіне байланысты 9%-ға кеміді.
Хедж-қорлар ставкаларды төмендету цикліне сауда стратегияларын дайындайды
Үш ірі хедж-қор жұмсарту циклі кезеңіндегі өздерінің сауда стратегиялары туралы айтты, деп жазды Reuters. Олардың бірі – несиелік қаражатпен бірге тәуекелді активтері бар қысқа мәмілелер. Confido Capital-дың негізін қалаушы Брэд Бойд ставкалардың төмендеуі акциялар бағасының қолайлы деңгейі мен қолжетімді несиелердің қалыптасуына әкелуі мүмкін деп есептейді.
Тағы бір стратегия – орташа капиталдандыруы бар компаниялар басымдығымен акциялар, облигациялар және несиелер сатылатын қайталама нарықтардан сатып алу. Мұны Monroe Capital баламалы несие шешімдерінің басқарушы директоры және тең директоры Кайл Ашер қолдайды. ФРЖ ставкаларының төмендеуі әдетте бүкіл экономикаға жағымды әсер етеді. «Алайда көптеген жеке орташа компаниялардың әсері анағұрлым маңызды болады. Өйткені қарыз алу құны төмендеген кезде олардың ақша ағыны артады», – деп атап өтті Ашер.
Үшінші стратегия жоғары технологияға бағытталған. Оған автомобильдер мен өнеркәсіпке арналған чип өндірушілерінің қағаздарын сатып алу кіреді. Вел Златевтың Analog Century Management хедж-қоры ставкалардың төмендеуі кезінде тұтынушыларға автокөлік сатып алу үшін қарызға ақша алу оңайырақ болады әрі бұл осы компаниялардың акцияларының құнына әсер етеді деп есептейді.
Франция премьер-министрі: елдің бюджеттік мәселелері «өте ауқымды»
Осы аптада қарызды және бюджет тапшылығын азайту жоспарын уақытында жасай алмаған Франция үкіметі ЕО белгілеген фискалдық талаптарды орындауда қиындықтарға тап болды, деп хабарлады NYT. Францияның жаңа премьер-министрі Мишель Барнье елдің қаржылық ахуалы ауыр жағдайда екенін және «бюджеттегі тесік» жедел әрекет етуді қажет ететінін айтты.
Бұған дейін Есеп палатасы Франция осы жылы тапшылықты азайту мақсатына жете алмайтынын және ЕО-ның бюджеттік ережелеріне сәйкес келу үшін алдағы бірнеше жылда 110 млрд еуро үнемдеу жолдарын табуы керек екенін хабарлады. Франция Орталық банкінің басшысы Франсуа Виллеруа де Гало ел тапшылықтың төрттен үш бөлігін шығындарды қысқарту арқылы, ал қалғанын жаңа салықты көтеру арқылы жабуы керек деп мәлімдеді. Осылайша, ел президенті Эммануэль Макрон салықты көтермеуге уәде берді. Францияның қарыз жүктемесі 3 трлн еуроға немесе ЖІӨ-нің 110%-дан астамына дейін өсті. Бұл Еуропадағы ең жоғары көрсеткіш және ЕО шегінен едәуір асып тұр (ЖІӨ-нің 103%-ы).