Жаңалықтар

Еуроодақ Ресейге қару-жарақ, әскери өнім жеткізетіндерге көмектескен банктерге санкция салмақ

Фото: shutterstock.com

Еуроодақ Ресейге әскери қару-жарақ, әскери өнім жеткізетіндерге көмектескен банктерге санкция салуы мүмкін. Сонымен қатар Батыс елдерінің Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан кәсіпорындарында өндірілген тауарларды жеткізетіндерге де шектеу қоймақ.

Бұл туралы Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Саллива мәлімдеді.

Арнайы өкіл Еуроодақтың Ресейге салынған санкцияларды айналып өтіп, Қазақстан, Өзбекстан және Армения арқылы тауар жеткізетіндердің жолын кесудегі қадамдары сәтті болғанын айтып өтті.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, оған осы елдермен жүргізілген дипломатиялық жұмыс нәтижесі ықпал еткен. Алайда, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі жағдай санкциялық қадағалау тұрғысынан күрделі болып тұр. Өйткені бұл аймақтағы елдер жүкті транзитпен тасымалдап қана қоймай, тауар өндіріп отыр. Арнайы өкілдің айтуынша, ол жерде заң бұзылғанын анықтау қиынырақ.

Шілдеде ЕО Ресейге қарсы экономикалық санкцияларын алты айға ұзартқан болатын. Алғаш 2014 жылы енгізілген бұл санкцияларың тізімі 2022 жылдың ақпан айынан бері айтарлықтай кеңейтілді. Олар қазіргі уақытта сауда, қаржы, технология және қосарлы мақсаттағы тауарларғ, өнеркәсіп, көлікке қойылған шектеулерді қоса алғанда, салалық шаралардың кең ауқымын қамтиды.