Wildberries кеңсесіндегі атыс: компанияның бұрынғы басшысы Владимир Бакальчук қамауға алынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Татьяна Бакальчуктың күйеуі Владимир Бакальчук ұсталды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Wildberries компаниясының құрылтайшысы Татьяна Бакальчуктың күйеуі Владимир Бакальчук ұсталды. Бұл туралы BBC арнасы хабарлады.

BBC арнасының мәліметінше, Владислав Бакальчукқа Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша айып тағылды: кісі өлтіру (Ресей Федерациясы ҚК-нің 105-бабы, 2-бөлімі), кісі өлтіруге оқталу (30-баптың 3-бөлігі, 105-баптың 1-бөлігі), құқық қорғау органдары қызметкерлеріне оқталу (317-бап) және өз бетімен әрекет ету (330-бап).

Оның адвокаттары бұл айыптарды «ақылға сыймайтын жағдай» деп бағалап, Бакальчук пен оның әріптестері «корпоративтік қақтығысты шешу үшін алдын ала келісілген кездесуге» келгенін айтты.

Wildberries компаниясының мәліметі бойынша, атысты Владислав Бакальчукты ертіп келген адамдар ашқан. Татьяна Бакальчук – Ресейдегі Forbes тізіміндегі миллиардер әйелдердің бірі.

Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте Мәскеудегі Романов көшесінде орналасқан Wildberries кеңсесінде атыс болды. Тергеу мәліметтері бойынша, екі адам қаза тауып, жеті адам, оның ішінде құқық қорғау органдарының екі қызметкері жарақат алды. Тергеу комитеті атысқа байланысты қылмыстық іс қозғады.

Татьяна Бакальчук бұл оқиғаны Владислав Бакальчуктың, Сергей Ануфриев пен Владимир Бакиннің «Мәскеудегі Wildberries кеңселерін басып алуға жасалған сәтсіз әрекеті» деп атады.

Сондай-ақ оқыңыз