Wildberries компаниясының құрылтайшысы Татьяна Бакальчуктың байлығы екі есе азайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Wildberries құрылтайшысы Бакальчуктың байлығы екі есе азайды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Wildberries компаниясының тең құрылтайшысы және бас директоры Татьяна Бакальчуктың байлығы 7,9 млрд доллардан 4,1 млрд долларға дейін кеміді. Мұндай өзгеріс маркетплейстің сыртқы жарнама операторы Russ компаниясымен бірігуінен кейін болды деп хабарлайды Forbes Russia.

Forbes-тің мәліметінше, мәміле барысында Бакальчук компания акцияларының 35%-ын шамамен 3,4 млрд долларға сатқан. Оның байлығының азаюына рубльдің құнсыздануы да әсер еткен. Соған қарамастан, Татьяна Бакальчук Ресейдегі ең бай әйел атағын сақтап қалып отыр.

2024 жылы Татьяна Бакальчук Forbes журналы жариялаған Ресей миллиардерлерінің рейтингінде 7,4 млрд доллар байлықпен 22-орынды иеленген.

Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте Мәскеудегі Романов көшесінде орналасқан Wildberries кеңсесінде атыс болды. Тергеу мәліметтері бойынша, екі адам қаза тауып, жеті адам, оның ішінде құқық қорғау органдарының екі қызметкері жарақат алды. Тергеу комитеті атысқа байланысты қылмыстық іс қозғады.

Татьяна Бакальчук бұл оқиғаны Владислав Бакальчуктың, Сергей Ануфриев пен Владимир Бакиннің «Мәскеудегі Wildberries кеңселерін басып алуға жасалған сәтсіз әрекеті» деп атады.

Wildberries компаниясына қатысты дау басталғалы бірнеше ай болды. Оның құрылтайшылары, ерлі-зайыпты Татьяна мен Владислав Бакальчук арасында ажырасу процесі жүріп жатыр. Тіпті тараптардың бірі Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтан көмек сұрады.

Сондай-ақ оқыңыз