Асаубаева мен Құрман жеңісі: шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы топ-үштікке енді

Жарияланды 20 Қыркүйек 2024 13:46

(жаңартылды 20 Қыркүйек 2024 14:27)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы топ-үштікке енді / Фото: Қазақстан Шахмат федерациясы

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан 45-ші Шахмат олимпиадасының шешуші кезеңіне небәрі үш тур қалды. 8-тур қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы Франция құрамасын жеңіп, Үндістан және Польша құрамаларымен бірге көшбасшы үштікке енді.

Шешуші турда Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева француз ойыншысы Дейманте Даулите-Корнеттке, шахматшы Алуа Құрман Полин Гишарға мат қойды. Екі жеңіс Меруерт Камалиденованың Софи Мильеден жеңілгенінің орнын толтырып, Әмина Қайырбекова (2243) мен Наташа Бенмесбаның арасындағы ойын тең аяқталды.

Үндістан құрамасы алғашқы екі тақтада поляктардан ұтылып, алғашқы ұпайларынан айырылды: халықаралық шебер Алина Кашлинская Харика Дронаваллиді, гроссмейстер Моника Соцко Вайшали Рамешбабуды жеңді. 9-шы турда Қазақстан құрамасы осы жеңімпаз Польша құрамасымен кездеседі.

8 турдан кейін Үндістан, Польша және Қазақстан – 14 командалық ұпайдан, АҚШ, Армения мен Украина – 13, Қытай, Швейцария, Вьетнам, Испания, Германия, Англия, Болгария, Франция, Түркия, Грузия және Нидерланд – 12, Венгрия, Иран, Әзірбайжан, Сербия, Моңғолия, Австрия, Израиль, Өзбекстан, Италия, Канада, Бангладеш және Мексика – 11 командалық ұпайдан жинады. 

Қазақстан ерлер құрамасы 41-орында тұр. Бангладеш құрамасын 3-1 есебімен жеңді: командаға ұпай әкелген Қазыбек Нөгербек пен Әлішер Сүлейменов, Денис Махнёв пен Алдияр Аңсат әрқайсысы жарты ұпайға ие болды. 9-шы турда Қазақстан ерлер құрамасы Моңғолия құрамасымен кездеседі.

45-ші Олимпиадаға 188 елдің командасы қатысуда. Қорытынды нәтиже 11 турдан кейін, 22 қыркүйекте белгілі болады.

8 турдан кейін Үндістан – 16 командалық ұпай, Өзбекстан және Венгрия –  14, Қытай, АҚШ және Иран – 13, ал Қазақстан – 10 командалық ұпай иеленді.

Будапеште  45-ші шахмат олимпиада 10-23 қыркүйек аралығында өткен олимпиадаға Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары қатысқан.

Сондай-ақ оқыңыз