Lifestyle

Сатылымға шыққан iPhone 16 смартфондарының алғашқы партиясында жасанды интеллект функциясы жоқ

Сатылымға шыққан iPhone 16 смартфондарының алғашқы партиясында жасанды интеллект функциясы жоқ
iPhone 16 әлемнің 60-қа жуық елінде сатылымға шығарылды / Архив: kursiv.media

Apple 2024 жылғы қыркүйектің 9-ы күні iPhone 16 гаджеттерінің жаңа нұсқасын таныстырды. Оның басты ерекшелігі Apple Intelligence жүйесі, яғни жасанды интеллект функциясы еді. Алайда әлемнің 60-тан аса елінде сатылымға шығарылған смартфондардың алғашқы партиясында бұл функция орнатылмағаны анықталды.

«Apple Intelligence жүйесі тек қазан айында дайын болады», – деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

Bloomberg сарапшысы Марк Гурман өзінің соңғы ақпараттық шолуында Apple Intelligence мүмкіндіктерін іске қосу үшін бағдарламалық жасақтаманы жаңарту қажет ететінін айтады.

Сонымен қатар компания жыл соңында жаңа мүмкіндіктерді іске қосу үшін қосымша жаңартуларды әзірлейді.

2024 жылғы 20 қыркүйек Apple 60-қа жуық елде, соның ішінде АҚШ, Қытай, Үндістан, Аустралия және Оңтүстік Кореяда iPhone 16 смартфондар желісін сатылымға шығарды.

Смартфонның таныстырылымы 9 қыркүйек өткен еді.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы мамырда Apple компаниясы жаңартылған iPad Pro үлгілерін ұсынған еді.