Lifestyle

Салмақ қуу барысында есінен танып қалған боксшы Жәнібек Әлімханұлы 4 қазанда Михайловичпен жекпе-жек өткізетін болды

Жәнібек Әлімханұлы Михайловичпен жекпе-жекке шығады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Бұған дейін салмақ қуу барысында есінен танып қалған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық спортшы Андрей Михайловичпен 4 қазан күні жекпе-жекке шығатын болды, бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Құрметті жанкүйерлер! Қолдауларыңызға, жылы пікірлеріңізге рақмет!

Бұл жолы бәрі басқаша болады, бұйыртса! 2 әлем чемпионы титулымды қорғаймын! Міндетті қарсыластан өтіп, қалған екі титулға әрекетті бастаймыз! Бізге 4 титул керек! 4 қазан, деп жазды боксшы.

Сондай-ақ, No Limit Boxing промоутерлік компаниясы чемпиондық жекпе-жек туралы ресми хабарлады. Отандасымыз 4 қазан күні жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен Австралия астанасы Сиднейде күш сынасады.

Еске сала кетейік, Әлімханұлы мен Михайловичтің жекпе-жегі Лас-Вегасте 14 шілдеге жоспарланған еді. Алайда, қазақстандық боксшының салмақ қуу барысында есінен танып, ауруханаға түсіп қалуына байланысты жекпе-жек өтпеді.

Жәнібек алдыңғы жекпе-жектерінде Дэнни Динюм, Дензель Бентли және Стивен Батлер сияқты қарсыластарынан басым түскен болатын.