Gold Stone LLP 2025-2032 жылдар аралығында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Кеңгір кенішінен жылына 200 мың тонна алтын кенін өндіруді жоспарлап отыр.
Кен ашық тәсілмен өндіріледі. Яғни қопарғыш, жарылғыш заттар қолданылмақ. Тау-кен жұмыстары екі ауысым бойынша жыл бойы жүргізіледі. Әр ауысым 12 сағаттан жұмыс істейтіні көрсетілген. Жұмысшылар вахта тәсілімен – 15 тәулік жұмыс істейді. Жарылыс жұмыстары аптасына бір мәрте орындалмақ.
Карьердің ұзындығы – 780 метр, тереңдігі – 159 метр, ені – 740 метр.
Кеңгір Ақбақай ауылынан 9 шақырым жерде орналасқан. Аумағы 3,68 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі комиссия бекіткен кеніштің теңгерімдегі қоры – 1,5 миллион тонна алтын кені.
Gold Stone LLP – Алматы қаласында тіркелген бағалы және сирек кездесетін металлдарды өндіруші компания. Компанияларының иелері – Metals Holding Limited, Кудс Амреев, Али Аль-хасан және Мирбулат Абуов. «Астана» Халықаралық қаржы орталығында Metals Holding Limited иелері ретіде бірнеше адам тіркелген. Олар – Эльвира Танакулова, Ренат Кунаев, Мади Кунаев, Виктор Бреславцев, Берик Бимуратов, Радмир Нагаев, Алия Султанова, Гульнара Кунаева, Камшат Калим және Наталья Блиндер.