Экономист Тимур Әбілқасымов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол осы агенттіктің төрағасының кеңесшісі болды.
Әбілқасымов Radius Advisory Lab консалтингтік компаниясының серіктесі қызметін атқарды. Ол жерде тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, корпоративтік басқару және Халықаралық қаржы есебінің стандарттарын енгізу мәселелері бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның ірі холдингтеріне және коммерциялық банктерге кеңес берді.
Квазимемлекеттік сектор компанияларында және екінші деңгейлі банктерде жұмыс істеді. Парламент Сенаты жанындағы жас сарапшылар клубының мүшесі.
Тимур Әбілқасымов «экономика бизнес» және «экономика мемелекеттік саясат» мамандығы бойынша Қазақстандық Менеджмент, экономика және болжау институтын тамамдаған.
Лондонның бизнес және қаржы мектебінде «тәуекел-менеджмент» мамандығы бойынша master of business administration дәрежесін алған.
Әбілқасымов бұрын «Қазтеміртранс» және Kazakhstan Energy Reinsurance Company директорлар кеңесінің мүшесі болған. Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ аға оқытушысы болып істеді. Risk Takers телеграм-арнасының авторы.