Жаһандық вакцина және иммундау альянсы Африка елдеріне шешек ауруына қарсы 500 мың вакцина сатып алады
Жаһандық вакцина және иммундау альянсы Африка үшін шешек ауруына қарсы жарты миллион вакцина сатып алады. Euronews жазуынша вакцина жыл аяғында жеткізілуге тиіс.
2023 жылы ең алғаш алғашы мутация Конгода тіркелді. Содан кейін маймыл шешегі Африканың басқа елдеріне де таралды. ДДҰ 12 елде әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай жариялады.
Африканың ауруды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметі бойынша, 2024 жыл басынан бері құрлықтың 15 елінде 26 500-ден астам шешек ауруы дерегі тіркелді. Бұл дерттен 724 адам қайтыс болды. Вакциналардың жоқтығы сауықтыру шараларын жүзеге асыруға кедергі келтіреді, деп атап көрсетеді орталық.
Жаһандық альянс қор есебінен кедей елдер үшін вакцина сатып алуға 500 миллион доллар бөлетінін жария етті. Вакциналарды дат өндірушісі Bavarian Nordic жеткізеді. Көмпания өз өнімін 2024 жылы тарата бастайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Bavarian Nordic даниялық фармацевтикалық компаниясы ұсынған MVA-BN вакцинасы алдын ала квалификациядан өткені туралы хабарлады. Яғни бұл екпені ДДҰ мақұлдады. ЕуроОдақ содан кейін 100 мың вакцинаны Конго Демократиялық республикасына жеткізген. Шешек ауруына байланысты төтенше жағдай жарияланған елдерді қамту үшін кем дегенде 10 миллион препарат керек. Еуропа елдері, АҚШ және Бавариялық Нордик 620 000 доза жеткізуге уәде берді. Жапония 3 миллион доза жеткізбек.