Желі қолданушылары X парақшасын бір күн пайдалануға мүмкіндік алды: Бразилия соты Маскке айыппұл салды

Жарияланды (жаңартылды )
штаб-квартира Х
Фото: twitter Илон Маск

Бразилияның Жоғарғы соты Илон Масктың X әлеуметтік желісіне елдегі бір күндік жұмысы үшін  920 000 доллар айыппұл салды. Бразилиялық пайдаланушылар провайдердің өзгеруіне байланысты қызметке қысқамерзімді қол жетімділік алды. Бұл туралы 19 қыркүйекте ресми мәлімдеме таратқан X өкілдері мәлім етті.

Бразилиялық ABRINT интернет-провайдерлер ассоциациясы  телефондардағы әлеуметтік желі қолданбасы автоматты түрде жаңартылғаннан кейін, Х парақшасын пайдалануға мүмкіндік туғанын айтты. Ассоцация X-тің үнемі өзгеріп тұратын IP мекенжайларын пайдаланатын Cloudflare бұлттық қызметіне ауысқанын түсіндірді. Бұл тәсіл бұғататуды әлдеқайда қиындатады, өйткені банктер мен мемлекеттік сайттар сияқты басқа сайттар мен қызметтер бірдей мекенжайларды пайдаланады.

19 қыркүйекте әлеуметтік желі Cloudflare қызметтерін пайдалануды тоқтатты және Бразилияда X-ті қолдану қиынға соқты.

 «Платформа Бразилияда көп ұзамай бұғатталатынын білсек те, біз оны мүмкіндігінше тезірек пайдаланушыларға қайтару үшін Бразилия үкіметімен жұмыс істеуді жалғастырамыз», – деді әлеуметтік желіде Маск компаниясы.

Тамыз айының соңында Бразилияның Жоғарғы соты жалған ақпарат таратқаны үшін айыпталған оңшыл радикалдардың аккаунттарын жоюдан бас тартқаны үшін Х-ке елде жұмыс істеуге тыйым салды. Судья Александри де Морайс Х-дан тыйымды бұзған әрбір күн үшін 5 миллион бразиль реалын (шамамен 920 000 доллар) өндіріп алуға және айыппұлды көбейту үшін елдегі Илон Маск компанияларының активтерін бұғаттап тастады.

Сондай-ақ оқыңыз