Халықаралық ғалымдар тобы коронавирустық пандемия Қытайдың Ухань қаласындағы базардан басталғанын анықтады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Бұған дейін пандемияның Ухань қаласындағы базардан тарағанына қатысты ақпарат болжам ретінде айтылып келді / Архив: kursiv.media

Халықаралық ғалымдар тобы коронавирустық пандемия Қытайдың Ухань қаласындағы Хуанань базарында басталғанын анықтады. Зерттеу нәтижелері Cell журналында жарияланды.

Зерттеу нәтижесінде ауруханаға жатқызылған алғашқы 174 науқастың 32%-ы енот тектес иттер мен кірпі сияқты жабайы жануарларды сататын базардан сауда жасағаны анықталды. Бұл вирустың жануарлардан адамға және керісінше жұғуына әсер етуі мүмкін.

Зерттеу барысында SARS-CoV-2 белгілі тасымалдаушылары жарқанаттар мен панголиндерден генетикалық материал табылмады. Бұған дейін жарқанаттар коронавирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін деген болжам болған.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың соңында Қытайда басталған коронавирустық пандемия 2020 жылы әлемге таралды. Салдарынан жаһан елдері локдаундар мен шектеулер енгізді.

2020 жылдың көктемінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирустың таралуына байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялады. 2021 жылдың қаңтарында әлем бойынша апталық өлім-жітім көрсеткіші 100 мыңнан астам адамды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз