Қазақстанда тағы 10 жаңа қала пайда болуы мүмкін – сарапшы

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Алматы облысында жаңа Алатау қаласы пайда болмақ / Архив: kursiv.media

Қазақстанда 10 жылдың ішінде адам көп шоғырланған ауылдар негізінде кемінде 10 жаңа қала құруға мүмкіндік бар. Бұл туралы экономист Қасымхан Қаппаров айтты. 

«Қазір Қазақстанның урбанизация деңгейі Ресейден төмен. Бірақ урбанизация әлеуеті жоғары. Қазақстанда 10 жылдың ішінде адам көп шоғырланған ауылдар негізінде кемінде 10 жаңа қала құруға мүмкіндік бар», – деді сарапшы. 

Қазір Қазақстанда 90 қала бар, жақында тағы 1 қала қосылатыны хабарланды. Алматы облысында Алатау қаласы пайда болады.

«Елде 10 мыңнан аса адам тұратын 112 ауыл бар. Ал 18 ауылда 20 мыңнан астам халық тұрады. Ал халқы 10 мың адамға жетпейтін 11 қала бар. Ең үлкен ауыл Түркістан облысында орналасқан. Онда 60 мың адам тұрады, Қонаев қаласымен салыстыруға болады. Бұл ауыл Степнаангорск қаласынан үлкен”, – деді экономист. 

Оның айтуынша, Қазақстан әлемде туу көрсеткіші жоғары елдердің бірі. Біздің демографиялық индекс 3-ке тең. Республикада мұндай бала туу көрсеткіші соңғы рет 1988 жылы, яғни Кеңес Одағы кезінде тіркелген. 

«Жалпы Орталық Азияда жылына 2 млн бала дүниеге келеді. Оның жартысы Өзбекстанда, 25%-ы Қазақстанда. Бұл бірегей жағдай. Орталық Азия демократиялық даму мен жастар саны жағында қарқынды дамып келеді”, – деп қорытындылады сарапшы. 

Еске сала кетсек, «Ашық НҚА» поталында Алматы облысында жаңа Алатау қаласын құру туралы құжат талқыға шығарылды.

Мамырда Үкімет Алматы қаласының Бас жоспарын бекітті. Бас жоспарды әзірлеген сарапшылардың болжамы бойынша 2030 жылға қарай Алматы халқының саны 2,5 миллионға, ал 2040 жылға қарай 3 миллионға, 2050 жылы 3,6 миллионға жетеді. Қала агломерациясы да қарқынды жүреді.

Сондай-ақ оқыңыз