Қостанайлық инспекторлар фитосанитарлық бекетте Ресейден 171 тонна картоп өнімі сертификатсыз әкелінгенін анықтады

Жарияланды (жаңартылды )
Ресейден заңсыз әкелінген картоп тасымалы тоқтатылды / Коллаж: kursiv.media

«Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде Ресейден заңсыз әкелінген картоп тасымалы тоқтатылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі  агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық инспекциясы екі күнде 12 бұзушылықты тіркеді. Тексеріс 18-19 қыркүйек күндері жүргізілген.  

«Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты. Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды», – деп хабарлады аталған комитеттің баспасөз қызметі.

Фитосанитариялық қызмет Ресейден әкелінген қызанақтардан қауіпті вирус тапты.  Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар 2700 дана пакеттегі қызанақтың тұқымдарынан қауіпті вирусты анықтады.

Жазғы кезде Ресейдің фитосанитарлық қадағалау қызметі Қазақстаннан көкөністер мен жемістер тасымалына бақылауды күшейтуді сұрады. 2024 жылғы 26 шілдедегі «Аргус-Фито» ФСИС деректері бойынша, Қазақстаннан Ресей Федерациясына 232 мың тонна жеміс пен көкөніс импортталған. Бұл бір жыл бұрынғыдан (194,9 мың тонна) 19%-ға артық. Бірақ Ресей тарапы ЕАЭО үшін карантиндік объектілерді анықтау жағдайларының көбеюіне алаңдап отырғанын жеткізді. Бүгінге дейін мұндай 34 жағдай тіркелген.

2023 жылы Сенат депаутаттары Қазақстан мен Әзірбайжан елдері арасында Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификацилау мәселесін талқыланып, арнайы заң қабылдады. 

Сондай-ақ оқыңыз